April 18, 2020

Қазақ тілі және әдебиеті алғы сөзі

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

Оқушының оқығаны мен тоқығанын, білгені мен түйгенін, қателесіп күйгенін тезге салып тексеретін сынақ – ҰБТ. Мемлекеттік грантты қайтсем де қанжығама бөктерем деп талаптанып отырған түлектер үшін ҰБТ қорқынышты сынақ емес, керемет мүмкіндік. Ұсынылып отырған тест кітабы аталмыш үлкен мүмкіндікке қадам бастырар алтын саты болмақ. Себебі Республикалық «Istudy.kz» білім порталы ұсынып отырған бұл кітапта қазақ тілі мен əдебиеті пəні бойынша 100 нұсқа жауаптарымен, ҰБТ-да ең көп кездесетін сұрақтар жауаптарымен жаттығуға берілген. Тест кітабының көмегімен сапалы нəтижеге қол жеткізе аласыз. Өйткені оқушылардың алдын ала тест жұмысын жасауға дағдылануы – ҰБТ кезінде оң əсер етеді. Тест тапсырмаларын орындауға үйренген оқушы уақытын тест ережесімен танысуға құртып отырмайды. Тест жұмысымен алдын ала дайындалу кезінде, олардың психофизиологиялық дағдылары қалыптасып, ҰБТ күні қобалжу əсерін төмендетеді.

Қандай да бір жұмыстың нəтижелі болуы – дұрыс жоспарлаудан басталады. Керемет нəтижені Istudy-мен бірге жоспарлаңыз. Сəттілік – маңдай тердің серігі. Сіздерге сəттілік тілейміз!

110% НӘТИЖЕ КӨРСЕТУ ҮШІН…

ҰБТ-ға дайындыққа дайындықты созба! Демек дайындалуға дайындалам деп, оңтайлы уақыт пен қолайлы заттарды табуға уақытыңызды сарп ету - қателік болмақ. Сондықтан, төмендегі ережелерді ұстана отырып, дайындықты дәл қазір бастаңыз.

Көп талапкердің күрделі мәселесі – есте сақтаудың әлсіздігі. Сол себепті, жадыны жақсартудың тиімді тәсілдерін ұсынамыз.

  1. Түсіну. Меңгеріп жатқан мәліметіңізді түсіне бастағанда ғана, есте сақтау процессі жүре бастайды. Есте сақтаудың негізі – түсінік.
  2. Ұмтылыс. Енді керісінше: сіз нені есте сақтауға ұмтылсаңыз, соны түсініп оқисыз, соған ой шоғырландырасыз. Есте сақтау үшін материалды түсінуге ұмтылыс, бағытталған назар болуы тиіс.
  3. Жүйелендіру. Шашыраңқы ақпараттар тізбегін есте сақтаудан гөрі, жүйеленген мәліметтерді меңгерген әлдеқайда жеңіл. Мәселен, «6835224» деген сандар тізбегінен гөрі, «1234567» деген сандар тізбегі есте оңай сақталады. Екінші номердегі сандардың өсу ретімен орналасқан жүйесін білгенде, оны жаттау да жеңілденді. Ал қазақ тіліндегі ережелер мен әдебиеттегі кезеңдердің әрбірі бір- бірімен тұтастай байланыста болады. Сондықтан, қазақ тіліндегі ережелерді жүйелендіру (кірме сөздердің шашыраңқы көп түрлерін мағыналарына қарай топтастыру, т.б.), әдебиеттегі ақын- жазушылар шығармашылығын топтастыру (уақыт пен кезеңге қарай топтастыру, т.б.) тиімді, оңтайлы болмақ.
  4. Қайталау. «Қайталау – білім анасы» деген сөз бар. Әр материалды үш реттен қайталау ұзақ мерзімді есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұндайда интервалды қайталау әдісін қолданған абзал. Яғни жатталған мәдениетті алдымен 15 минуттан кейін, сосын 2 сағаттан соң, кейіннен 1 тәулік уақыт салып қайталау қажет. Осы арқылы кез келген қиын ақпар мида ұзаққа орнығады.
  5. Ассоциация. Жаңадан алынған ақпарды жадыңызда бұрыннан сақталған мәліметпен байланыстырыңыз, сонда ол бірден жүйеленіп, ұзақ жадыға сақталынады. Мәселен, қазақ әдебиетінде кездесетін «Ж. Жабаевқа мемлекеттік сыйлық берілген жыл?» сұрағында шатаспас үшін, оны бәріміз білетін Ұлы Отан соғысының басталу уақытымен байланыстырсақ болады.

Ұсынылған тест кітабын орындау барысында да сәйкестендіру, сызып тастау, ықтималдылық секілді тәсілдерді қолдану арқылы тиімді нәтиежеге қол жеткізе аласыз.

Адамның дене бұлшық еттері ғана емес, миы да күнделікті жаттығуды қажет етеді. Жаңа мәлімет меңгергенде мидағы нейрондардың арасында пайда болатын байланыс, мәліметті жиі қайталап тұрмаса үзіліп кететіні бар. Сондықтан, дайындыққа дайындықты созбай, еріншектің ертеңіне салмай, дайындықты қазірден бастаңыз. Білектілер емес, білімділер төрге шығар заманда сан соғып қалмайық дейміз, құрметті түлектер.

Гарвард студенттеріне арналған мотивациямен аяқтасақ: Егер сен қазір ұйықтап кетсең, онда саған, әрине, арманың түсіңе кіреді. Егер де, ұйқының орнына, сен, оқуды таңдасаң, онда сен арманыңды өмірде іске асырасың.

АРМАНДАРЫҢЫЗ ОРЫНДАЛСЫН!

Тілек білдіруші Қымбат Нургелдиева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Филология және әлем тілдері” факультетінің 2-курс студенті

ISTUDY ҰБТ-ға дайындық тест кітаптарының суреті

Кітабымызға тапсырыс беру үшін
хабарласыңыз: 8 (776) 125 30 30
Уатсап: https://wa.me/77070215138

Біздің кітаптармен дайындалып өз арманыңызды шындыққа айналдырыңыз!