«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып – білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», - деп белгілі педагог Ш. Амонашвили айтқандай мұғалімнің шеберлігі мен білімділігі, рухани дүниесінің байлығы, мейірімінің шексіздігі баланың нағыз адам болып қалыптасуының негізі.