April 2, 2020

ҒТР ҰҒЫМЫ

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) ғылым мен техниканың дамуындағы сапалық жаңғыру кезеңі, ол қоғамның өндіргіш күштерінің түбегейлі өзгеруіне алып келеді, соның нәтижесінде индустриалды қоғам постиндустриалды қоғамға түрленеді.

Адам әрекетінің барлық салаларының электронды есептеу техникасы құралдарымен (ЭЕМ) қанығуы. Оның арқасында көптеген өндіріс үрдістерінің технологиялары түбегейлі өзгерді.

•       Электрондану білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларымен қатар адамның тұрмысына тереңдеп еніп барады.

•       ЭЕМ паркі ең ірі елдер: АҚШ, ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея     

•       Кешенді автоматтандыру ЭЕМ пайда болуына байланысты мүмкін болды. Автоматтандырудың ең басты бағыттарының бірі өнеркәсіптік роботтарды – адамның әрекетін қайталайтын машиналдарды жасау болып табылады.

•       Өнеркәсіптік роботтардың паркі ең ірі елдер: Жапония, АҚШ, ГФР, Италия, Франция, Оңтүстік Корея

•       Мысал: Жапония өнеркәсіптік роботтар саны бойынша әлем елдерінің алдында (әлемдік парктің 50%), сонымен қатар өндірістік қамту бойынша да алда. Әр 10 мың жұмысшыға мұнда 800 робот келеді (АҚШ-та - 300).

•       Энергияны үнемдеу, отын-энергетикалық теңгерімнің құрылымын жетілдіру, энергияның жаңа көздерін (күн, жел, толысу-қайту, Жер қойнауының қуаты, атом қуатын т.б.) неғұрлым кең қолдану негізінде жүзеге асуда. (Бұл сала АҚШ, Франция, жапония, ГФР, Ресейде ең көп дамыған)

•       Ескі конструкциялық материалдарға талаптың күшеюі, сонымен қатар қызуға төзімділік, үйкелуге төзімділік, биологиялық ыдырау сияқты қасиеттері алдын ала берілген жаңа материалдардың пайда болуы. 20 ғ металдарының пайда болуы (берилий, литий, титан) Титан – аэроғарыштық өнеркәсіпте пайдаланылады.

БИОТЕХНОЛОГИЯ, өнеркәсіптік өндірісте тірі ағзаларды және биологиялық үрдістерді пайдалану. Ферменттерді, дәрумендерді, аминқышқылдарды, антибиотиктерді т.б. микробиологиялық синтездеу. Болашақта басқа да гендік инженерия мен жануарлардың және өсімдік материалдарының көмегімен биологиялық белсенді заттарды (гормоналдық препараттарды, иммунитетті ынталандыратын қосылыстарды т.б.) өнеркәсіптік жолмен алу мүмкін.

Биотехнологияның дамуы адамзаттың жаһандық проблемаларын – азық түлік, энергия, минералды ресурстардың жетіспеушілігі, денсаулық сақтау және қоршаған орта жағдайын жақсарту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.