Қазіргі заманда елдер экономикалық байланыстарға жиі қосылатынына қарамастан, елдер арасындағы айырмашылық өте үлкен. Осыған байланысты дүниежүзілік шаруашылықтың бірнеше моделі пайда болды.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) – ғылым мен техниканың дамуындағы сапалық жаңғыру кезеңі, ол қоғамның өндіргіш күштерінің түбегейлі өзгеруіне алып келеді, соның нәтижесінде индустриалды қоғам постиндустриалды қоғамға түрленеді.