January 13, 2021

Фотошоппен қалай "таныстым"?

1. Есімде қалғаны, Шымкентте досым екеуміз Каспийге жұмысқа деп резюме тапсырғанбыз. Қайтар жолда кішкентай бір орынды жалдап алған бір қыз компьютерлік услугамен айналысады екен. 3-4 суретті қарапайым телефонға түсіріп, лезде шығарып беріп отыр. Кезінде КОДАК кезінде бір күн күтетін суретті бес минутта жасағаны қызық болды. Қызықтап қасында бақылап тұрдым. Түсінеген жерлерді сұрадым. Ол да қысылмай айтып берді. Фотошопты сол кезде көргенмін. Ұшақтың пилот отыратын орнына алғаш отырғандай әсер болды. Қызығушылығым сол кезде пайда болды.

Фотошоп бағдарламасын алғаш көргендегі әсер.


Менің алғашқы ноутбугім

Фотошопқа қызығушылым артқан сайын, ол бағдарламада жұмыс жасап көру бір мұң болды. Айтып айтпай не керек: рассрочкіге Lenovo core i5 ноутбугін алдым. Фотошоп үйрнем деп алған нотбугім "кинотеатр" боп кетті. Тек кино көретін боп кеттім. Ол кезде Астанада болатынмын. Фотошоп орнатып алғанмын өзінше. Бірақ қалай жұмыс жасауды білмеймін. Бір күні не үшін алғаным есіме түсті) Ютуб ақтарып, видео сабақтар қарай бастадым. Бірге бір қайталап "талай нәрсе" жасап тастадым. Сондағысы фотоның бетіне текст жазу, "крутой" коллаж ғой. Ютубте Валентин Братский дейтін фотошопер бар. Сол "алғашқы" ұстазым. Содан бастап нотбукті жақсы жағынан пайдалана бастадым.


Фотошоп арқылы табыс табу

Астанадан Арысқа оралған соң жұмыссыз жүрдім. Бір күні жергілікті телеарнадан реклама көрдім. Фотошоп білетін ұл-қыздар қажет деген. Мама барсай көріп деген соң бардым. Көп жұмыс типографияға байланысты. Ең кө жұмыс 3-4 фото. Байқасаңыз ең басында қызығып қарағаным бар еді ғой. Алдымнан шықты. Екі күнде 3-4 суреттен бастап кез-келген размерде фото шығара алатын дәрежеге жеттім. Осылай дизайн саласына келдім. Бірақ білімім болмағандықтан өзімді нағыз графикалық ДИЗАЙНЕР санай алмадым)