
1. Есімде қалғаны, Шымкентте досым екеуміз Каспийге жұмысқа деп резюме тапсырғанбыз. Қайтар жолда кішкентай бір орынды жалдап алған бір қыз компьютерлік услугамен айналысады екен. 3-4 суретті қарапайым телефонға түсіріп, лезде шығарып беріп отыр. Кезінде КОДАК кезінде бір күн күтетін суретті бес минутта жасағаны қызық болды. Қызықтап қасында бақылап тұрдым. Түсінеген жерлерді сұрадым. Ол да қысылмай айтып берді. Фотошопты сол кезде көргенмін. Ұшақтың пилот отыратын орнына алғаш отырғандай әсер болды. Қызығушылығым сол кезде пайда болды.