КТС бойынша декарацияда (100.00 нысаны) қызметкерлердің кірістерінен салықтар мен аударымдарды (әлеуметтік салық, ЖТС, МЗЖ, ӘА, МӘМС-ға аударымдар) қалай көрсету керек?

by @mcfr
КТС бойынша декарацияда (100.00 нысаны) қызметкерлердің кірістерінен салықтар мен аударымдарды (әлеуметтік салық, ЖТС, МЗЖ, ӘА, МӘМС-ға аударымдар) қалай көрсету керек?

Фатима Кыдырбаева, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух»

Мынадай параметрлерге ие кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылады:

- Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: заңды тұлға

- Қызмет түрі: кез келген

Салық салу режимі: жалпыға бірдей белгіленген

Жағдайдың сипаттамасы:

Шағын бизнес субъектісі «А» ЖШС тәрбие және білім беру қызметтерін (жеке балабақша) көрсетумен айналысады. Ұйым қызметінің тоқтатылуына байланысты бухгалтердің 2018 жылға 100.00 нысанын 2018 ж. қарашада өткізуі қажет.

Сауал:

Балабақша қызметкерлерінің кірістерінен ұсталатын салықтар мен аударымдарды 100.00 нысанының қандай жолдарында көрсету керек?

Жауап:

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны (100.00 нысаны) толтырған кезде ҚР ҚМ 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00 нысаны)» салық есептілігін жасау қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алу қажет.

Әлеуметтік салық

Салық кодексінің 263-бабының 1-тармағына сәйкес есепті салықтық кезеңде бюджетке төленген әлеуметтік салық салықтық кезең үшін есепке жазылған сома шегінде шегерілуі тиіс.

Қағидалардың 16-тармағының 8-тармақшасына сай КТС бойынша декларацияның 100.00.016 жолында әлеуметтік салық бойынша шегерім сомасы көрсетіледі.

Әлеуметтік аударымдар

Салық кодексінің 243-бабының 11-тармағына сәйкес есепті салықтық кезеңде есепке жазылған әлеуметтік аударымдар сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде шегерілуі тиіс.

243-баптың 12-тармағында былай көзделген: салық төлеушінің Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленген аударымдар бойынша шығыстары шегерілуі тиіс.

Қағидалардың 16-тармағының 4-тармақшасына сай шегерімге жатқызылатын, МӘСҚ-ға есепке жазылған әлеуметтік аударымдар бойынша шегерім сомасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленген аударымдар сомасы КТС бойынша декларацияның 100.00.012 жолында көрсетіледі.

Салықтар бойынша өсімпұл

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімпұл, айыппұл, тұрақсыздық айыбы шегерілмейтін шығындарға жатады.

Салық кодексінің 264-бабының 6-тармақшасына сай мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша бюджетке қосылуы тиіс (қосылған) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлды) қоспағанда, бюджетке қосылуы тиіс (қосылған) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұл) шегерілмейді. Сәйкесінше, жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша өсімпұлдар КТС бойынша декларацияның 100.00 нысанында көрсетілмейді.

МЗЖ, ӘА, МӘМС бойынша өсімпұл

Салық кодексінің 257-бабының 2-тармағына сай салық төлеушінің Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында айқындалған, жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерілуі тиіс.

Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 12-тармақшасына сай ҚР заңнамасында белгiленген мөлшерлерде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстап қалмағаны (есепке жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есепке жазылған өсiмпұл сомалары жеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайды.

Демек, Қағидалардың 16-тармағының 1-тармақшасына сай МЗЖ мен әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұл сомасы 100.00.009 IV жолында жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар сомасы ретінде көрсетіледі.

ЖТС және МЗЖ

Жеке табыс салығының және міндетті зейнетақы жарналарының сомасы кәсіпорын шығыстарына жатпайды және КТС бойынша декларацияның 100.00 нысанында көрсетілмейді.

Жұмыскерлерге есепке жазылған кірістердің жалпы сомасы бухгалтерлік есепте Дт 7210, Кт 3350 тізбегі түрінде ресімделеді. Есепке жазылған кірістердің осы жалпы сомасына ұсталған МЗЖ, ЖТС және жұмыскерлерге қолына төленуі тиіс сомалар кіреді. Жұмыскерлерге есепке жазылған кірістер сомасы 100.00.009 IV жолында көрсетіледі.

Пайдаланылған қысқартулар:

ЖТС – жеке табыс салығы;

МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналары;

ӘА – МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар;

МӘМС – жұмыс берушінің жұмыскерлер үшін ММСҚ-ға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


2018 жылы КТС бойынша қандай кірістер мен шегерімдерді басқаша санау керек?

Жекелеген шығыстарды шегерімге жатқызуды көздейтін нормаларға да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңды тұлғалардың кірістері КТС салуға қатысты жекелеген өзгерістер жаңа Салық кодексімен енгізілген.

Салық төлеушi шеккен тауарлар ысырабы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген табиғи кему нормалары шегiнде шегерiмге жататындығы 243-баппен реттелген.

Жалғасы...

November 1, 2018
by @mcfr