Мемлекеттік кәсіпорын негізгі құралдарды айырбастау операцияларын қалай ресімдеуі керек?
Валентина Проскурина, эксперт ЭС «ACTUALIS: Образование», ЭС «ACTUALIS: Главбух», Сертифицированный главный бухгалтер по МСФО
Жағдайдың сипаттамасы:
«А» бөбекжайы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі – МҚКК) балансында қос қабатты төсектер бар. Ұйым басшылығы басқа бір «М» балабақшасымен балалар төсектерін айырбастау туралы, яғни өзінің қос қабатты төсектерін негізгі құралдар есебінен шығару және басқа балабақшадан алынған бір қабатты төсектерді есепке қабылдау туралы шешім қабылдады.
Сауал:
Бұл операцияларды «А» бөбекжайы» МҚКК-ның бухгалтерлік есебінде қалай көрсету керек?
Жауап:
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Заңының 2-бабының 3-1-тармағының негізінде жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа (бұдан әрі – ШОБ арналған ХҚЕС) сәйкес жасайды. Ал осы баптың 5-тармағында есептік саясатты бекіткен басшы органдардың шешімі бойынша осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес жасауға құқылы делінген.
ШОБ арналған ХҚЕС-да қаржылық есептіліктенегізгі құралдарды көрсету тәртібі «Негізгі құралдар» деген 17-бөлімде реттелген. Құжатта қаржылық есептіліктенегізгі құралды таныған (келіп түскен) кезде бағалау және көрсету, кейіннен бағалау және істен шығуын бағалау тәртібі реттелген. ШОБ арналған ХҚЕС-ның 17.15-тармағына сай кәсіпорын бастапқы танудан кейін негізгі құралдардың барлық объектілерін жинақталған амортизация мен құнсызданудан түскен жинақталған залалдарды шегергеннен кейінгі өзіндік құны бойынша бағалауы тиіс. Кәсіпорын негізгі құралдардың объектілеріне ағымдағы қызмет көрсету шығындарын шығын келтірілген сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында тануы тиіс.
ШОБ арналған ХҚЕС-ны негізге алатын ұйымдар шаруашылық операцияларды Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының шоттарында көрсетеді.
Стандарттарда НҚ сатып алу операцияларын ресімдеу тәртібі көрсетілмеген. Бұл ережелер әдетте Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларынде беріледі.
МҚКК өз қызметін мемлекеттік тіркелген кезде мемлекеттік уәкілетті орган бөлген және салықтар мен көзделген бюджетке салымдарды төлегеннен кейін өз қызметінен алған өз пайдасы есебінен сатып алған мүлікті пайдалана отырып жүргізеді. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік ету тәртібі «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңында қарастырылған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 135-бабының 2-тармағында мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ делінген. Демек, мүлікті айырбастау операциясын жүргізу үшін құрылтайшыдан (жоғары тұрған ұйымнан) осындай мәмілеге құқық алу қажет. Дәл осындай рәсімді (екінші тарап сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын болған жағдайда) негізгі құралдарды айырбастап отыратын ұйым жүргізуі керек. Егер екінші тарап мемлекеттік емес кәсіпорын болса, онда олар үшін тек жасалған айырбастау шарты жеткілікті.
Алдағы уақытта рұқсат алып, айырбастау шартын жасасуыңыз және айырбастау операциясын жүргізуіңіз қажет. Айырбастау операциясы өзінің негізгі құралдарының істен шығуы және істен шыққан негізгі құралдар айырбасталатын негізгі құралдардың келіп түсуі ретінде ресімделеді.
ШОБ арналған ХҚЕС-ның 17.15-тармағында көрсетілгендей, істен шығатын негізгі құралдардың баланстық құны жинақталған тозу мен құнсызданудан түскен жинақталған залалдарды (егер мұндайлар болса) ескере отырып есептеледі. Егер келіп түскен негізгі құралдардың баланстық құны істен шыққан негізгі құралдардың баланстық құнынан аз болса, онда мемлекеттік кәсіпорын айырбастау операциясынан болған залалдарды тануға міндетті. Егер келіп түскен негізгі құралдардың баланстық құны істен шыққан негізгі құралдардың баланстық құнынан көп болып шықса, онда айырбастау операциясынан түскен пайда танылуы тиіс.
Төменде шартты мысалмен негізгі құралдарды айырбастау операциясын бухгалтерлік есепте көрсету сызбанұсқасы келтірілген:
Пример:
Әрқайсысының бастапқы баланстық құны 24 000 теңгеден және жинақталған амортизация сомасы 5 200 теңге және 2 400 теңге болатын 2 қос қабатты төсек жоғары тұрған ұйымның (құрылтайшының) шешімімен әрқайсысының бастапқы баланстық құны 8 000 теңгеден және әр төсекке жинақталған амортизация сомасы 2 400 теңге болатын 4 бір қабатты төсекке айырбасталады.
Есепте айырбастау операциясының көрсетілуі:
1) қос қабатты төсектер беретін ұйымда («А» бөбекжайы):
2) қос қабатты төсектерді қабылдайтын ұйымда («М» балабақшасы):