September 28, 2018

Инсульт алған жұмыскерге сырқаттану төлемін қалай төлеу керек?

Василий Бураков, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный бухгалтер ТОО "Air V Group"

Жағдайдың сипаттамасы:

Шағын бизнес субъектісі «А» ЖШС көтерме азық-түлік саудасымен айналысады. 2018 жылғы 1 тамызда ЖШС қызметкерлерінің бірі N инсульт алды. Қыргүйекте N-ның туысқаны 30 қыргүйекке дейінгі мерзімге еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын әкелді.

1 тамызға дейінгі 12 айда N-ға мынадай кіріс есепке жазылды:

Сауалдар:

Бұл сырқаттану парағына бірден 2 айға толық төлем жасаған жөн бе немесе қыргүйекте тамыз айына, ал қазанда қыргүйек айына төлеген жөн бе?

Бұл жағдайда сырқаттану төлемін есептеу тәртібін көрсетіңіз.

Жауап:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларының 14-тармағына сай жұмыскер N-ның жұмыс берушінің бухгалтериясына ақы төленуі үшін сырқаттану парағын 2 ай бұрын беруіне болады деп санаймын. «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысына (бұдан әрі – № 1103 ҚР ҮҚ) сәйкес әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақыны еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен, бірақ бір айдағы әлеуметтік жәрдемақының сомасы 15 АЕК-тен аспайтындай айқындалады.

Орташа күндік жалақыны есептеп шығару.

Есеп айырысу кезеңінде жұмыскер N-ның айлықақысы арттырылды, соған байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар13-тармағына сай орташа жалақы есепке жазудың алдындағы әрбір ай үшін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі. Жағдайдың мән-жайы бойынша бұрынғы айлықақы 80 000 теңге болған, 100 000 теңгеге дейін арттырылған. Жаңа айлықақыны бұрынғы айлықақыға бөлу арқылы коэффициентті табамыз: 100 000/80 000, нәтижесінде коэффициент 1,25 болады, сонымен, 2017 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы ақпанға дейінгі кезеңдегі есепке жазылған сома мөлшерін айқындаған кезде есептесу сомасына 1,25 коэффициенті қолданылады.

2018 жылғы сәуір айында жұмыскер N-ға 2017 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша 120 000 теңге мөлшерінде сыйлықақы төленді, Қағидалардың 14-тармағына сәйкес жылдық сыйлықақылар есеп айырысу кезеңі шегіндегі төлеудің алдындағы әрбір айға 1/12 мөлшерінде нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі, сонымен, 2017 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы наурызға дейінгі кезеңде бұл айына 10 000 теңгені құрайды.

ҚР Еңбек кодексінің 114-бабына сай орташа жалақыны есептеу нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі, демек, жұмыскер N-ға 2018 жылғы маусымда ақы төленетін еңбек демалысында болған кезең үшін демалысақыны есепке жазу сомасы есепке алынбайды, есептеп шығаруға 2018 жылғы маусымда нақты жұмыс істелген уақыттағы 35 000 теңге мөлшеріндегі сома алынады.

Орташа күндік жалақы былайша есептеп шығарылады (2018 жылғы маусымға 7 жұмыс күнін есептейміз, өйткені жағдайдың мән-жайы бойынша жұмыс істелген күн саны анық емес):

Орташа күндік жалақы 1215000 / 232 = 5 237,07 теңгені құрайды.

2018.01.08 бастап 2018.30.09 дейінгі ақы төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы кезеңіндегі жұмыс күндерінің саны тамыз айында – 21, қыргүйек айында – 20, жиынтығы – 41 күн.

Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша жәрдемақы төлеу былайша есептеп шығарылады:

5 237,07 х 41 = 214 719,87 теңге.

№ 1103 ҚР ҮҚ-ның 3-тармағында бір айға төленетін жәрдемақының мөлшері 15 АЕК-тен аспауға тиіс екені белгіленген. 2018 жылы АЕК 2 405 теңгені құрайды, сонымен, 2018 жылғы тамыз және қыргүйек айларындағы еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының төлемі 72 150 теңгені құрайды. ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының 5-тармағына сай жұмыс беруші жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы екенін есте ұстаған жөн.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».