October 25, 2018

ЖШС-ны жабу үшін не істеу керек?

Дмитрий Тараскин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», директор юридического и финансового департамента юридической компании «LEGIST COMPANY», г. Алматы

Жағдайдың сипаттамасы:

Шағын бизнес субъектісі «А» ЖШС азық-түліктің көтерме саудасымен айналысады, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейді. 2018 жылғы тамызда ЖШС-ның иесі және жалғыз құрылтайшысы қызметін тоқтатып, ЖШС-ны жабу туралы шешім қабылдады. Шешім ЖШС-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖШС иесі күткеннен аз кіріс әкелгеніне байланысты қабылданды. 2018 жылдың екінші жартыжылдығында және 2019 жылы кірістің өсу ықтималдығы өте төмен.

Сауал:

ЖШС-ны жабу үшін қандай рәсімдерді және қандай мерзімде орындау қажет?

Жауап:

1-ескертпе

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңының (бұдан әрі – ҚР Заңы43-бабына сәйкес.

2-ескертпе

1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) (2018.21.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР АК)50-бабының 2-тармағына сәйкес тарату комиссиясы (таратушы) құрылады және осы Кодекске сәйкес тарату тәртiбi мен мерзiмi белгiленедi.

Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк соған ауысады. Тарату комиссиясы сотта таратылатын заңды тұлға атынан әрекет етедi.

Егер тарату комиссиясы құрылса, оның құрамында кемінде үш адам болады.

3-ескертпе

ҚР АК-тің 50-бабының 1-тармағына сай заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдағаннан кейін бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, интернет-ресурс арқылы хабарланады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР 2017 жылғы 25 желтоқсандағы 120-VI Кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК58-бабының 1-тармағына сәйкес резидент-заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының 28-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сай жұмыс беруші жұмыс беруші–заңды тұлғаның таратылуына байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы ақпаратты босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, бiлiктiлiгiн және еңбегіне ақы төлеу мөлшерiн және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдерді көрсете отырып, жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы толық көлемде беруге міндетті.

Егер комиссия бар болса, онда әдетте комиссия қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

4-ескертпе

«Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығының 12-тармағына сай жойылған немесе заңды тұлға банкротқа ұшырады деп жарияланған жағдайда өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға кезеңділігі жылдық статистикалық нысандар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.

Егер комиссия бар болса, онда комиссия қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

Әдетте компания бухгалтері жүргізеді.

5-ескертпе

ҚР АК-тің 50-бабының 3-тармағына сай заңды тұлғаны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпарат Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында (мысалы, «ЗАҢ» медиа-корпорациясы» заң газеті) жарияланады.

Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауы тиіс. Кредиторларды анықтау және берешектерді алу үшiн шаралар қолдану, сондай-ақ кредиторларға заңды тұлғаның таратылғандығы туралы жазбаша хабарлау керек.

Кредиторлардың талаптарын алғаннан кейін олардың негізділігін қарау керек.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

6-ескертпе

ҚР АК-тің 50-бабының 4-тармағына сай кредиторлардың талаптарын қоюға арналған мерзiм аяқталғаннан кейiн аралық тарату балансы жасалады, онда таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар қойған талаптар тiзбесi, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.

Аралық тарату балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

Әдетте компания бухгалтері жүргізеді.

7-ескертпе

ҚР СК-нің 58-бабына сәйкес таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салықтық есептілігін ұсынады.

Таратудың салықтық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Таратылатын заңды тұлға таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Салық органдары салықтық тексеруді таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауы тиіс.

Таратылатын заңды тұлғаның салықтық берешегі, оның ішінде осы баптың 4 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салықтық берешегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен оның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің, бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің салықтық берешегі осындай бейрезидент-заңды тұлға заңды тұлғалардың тұрақты мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің тобы бойынша жиынтықты түрде салықтық міндеттемелерді қызметін тоқтататын тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы орындаған жағдайда да өтеледі.

Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салықтық берешекті толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салықтық берешектің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

Егер таратылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар таратылатын заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне ҚР СК-нің 102-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуы тиіс.

Егер таратылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар ҚР СК-нің 103-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуы тиіс.

Егер таратылатын заңды тұлғада ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күнге дейін есепке жатқызылатын ҚҚС-ның ҚР СК-нің 49-тарауына сәйкес қайтарылуы тиіс, есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы бар болса, көрсетілген асып кету таратылатын заңды тұлғаға ҚР СК-нің 104-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуы тиіс.

Таратылатын заңды тұлғада салықтық берешек болмаған кезде:

1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары осы заңды тұлғаға ҚР СК-нің 103-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуы тиіс;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары осы заңды тұлғаға ҚР СК-нің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуы тиіс;

3) айыппұлдардың төленген сомалары осы заңды тұлғаға ҚР СК-нің 106-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қайтарылуы тиіс;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары осы заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен қайтарылуы тиіс.

Таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай міндеттемелерді салық органының ҚР СК-нің 114-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген хабарламасы негізінде орындауға міндетті.

Таратудың салықтық тексеруі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде жеке тұлғалар мен бейрезиденттердің төлем көзінен салық салынуы тиіс, дивидендтер түріндегі кірістері пайда болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жеріндегі салық органына осындай салықтық міндеттеме бойынша таратудың салықтық есептілігіне қосымша салықтық есептілікті ұсынуға және оны толық көлемде орындауға міндетті.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

Әдетте компания бухгалтері жүргізеді.

8-ескертпе

ҚР АК-тің 50-бабының 5, 6-тармақтарына сай егер таратылатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекемелерден басқа) ақшасы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, заңды тұлғаның мүлкiн сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiп бойынша жария сату жүзеге асырылады.

Таратылатын заңды тұлғаның кредиторларына ақша төлеу ҚР СК-нің 51-бабында белгiленген кезектілік тәртiбiмен аралық тарату балансы бекiтiлген күннен бастап, соған сәйкес жүргiзіледi.

Ол бойынша жоспар бекітілетін, сондай-ақ уәкілетті тұлға айқындалатын сатуға қажетті мүлікті айқындау және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін айқындау тарату комиссиясының жиналысында немесе таратушының шешімімен жүргізіледі.

9-ескертпе

ҚР АК-тің 50-бабының 7, 8-тармақтарына сай кредиторлармен есеп айырысу бiткеннен кейiн тарату балансы жасалады, оны заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.

Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

Әдетте компания бухгалтері жүргізеді.

Шешім қабылдаған кезде қалған мүліктерді ЖШС-ның қатысушысына бөлу туралы мәселе шешіледі.

10-ескертпе

ҚР СК-нің 58-бабының 13-тармағына сәйкес салықтық тексеру аяқталып, осы баптың 12-тармағында белгіленген ережелер орындалғаннан кейін таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына тарату балансын ұсынады.

Таратылатын заңды тұлға тарату балансын бір мезгілде мынадай талаптар сақталған жағдайда:

1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаса;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болмаса;

3) есепке жатқызылатын ҚҚС-ның ҚР СК-нің 49-тарауына сәйкес қайтарылуы тиіс, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі болмаса;

4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлды есепке жатқызуды және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініш болмаса, салықтық тексеру аяқталып, осы баптың 12-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

Салықтық берешек, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешек, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердiң, өсiмпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын ҚҚС ҚР СК-нің 49-тарауына сәйкес қайтарылуы тиіс, есепке жазылған салық сомасынан асып кеткен жағдайда, таратылатын заңды тұлға тарату балансын:

1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) есепке жатқызылатын ҚҚС-ның ҚР СК-нің 49-тарауына сәйкес қайтарылуы тиіс, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі қайтарылған күннен;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

Бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салықтық міндеттемесін орындау осы бапта айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

Таратылатын резидент-заңды тұлғалар ҚР СК-нің 59 немесе 60-баптарында белгіленген салықтық міндеттемелерді орындаудың ерекшеліктерін таңдаған жағдайда, оларға осы баптың ережелері қолданылмайды.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

Әдетте компания бухгалтері жүргізеді.

11-ескертпе

«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» ҚР 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ Кодексінің 107-бабының 1-тармағына сәйкес кеден органына есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу қажет.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

Әдетте компания бухгалтері жүргізеді.

ЖШС-ның борыштары немесе олардың жоқ екені туралы толық ақпарат болуы қажет.

12-ескертпе

«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңының 8-бабының 4-тармағына сай заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке ретке келтірілген түрде сақтауға беріледі.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

13-ескертпе

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

14-ескертпе

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларының 4 және 5-тарауларына сәйкес аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:

1) фискалдық есепті алады;

2) камералық бақылау жасайды және қолма-қол ақша есебi кiтабының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен және тауар чектерi кiтабының деректерімен салыстырып тексеру жүргізеді;

3) қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;

4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусынан мемлекеттік кірістер органының пломбасын алып тастауды жүргiзедi;

5) салық төлеушіге:

- бақылау-касса машинасын;

- қолма-қол ақша есебiнің кiтабы мен тауар чектерi кiтабын;

- бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.

Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:

1) фискалдық есепті алады;

2) тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;

3) салық төлеушіге:

- бақылау-касса машинасын;

- тауар чектерi кiтабын;

- бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.

Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.

Фискалдық есептерді мемлекеттік кірістер органдары мынадай:

1) салықтық тексерулер жүргізілген;

2) фискалдық жадының блогын ауыстырған;

3) бақылау-касса машинасы есептен шығарылған;

4) фискалды жадыға кіру паролін енгізуді талап ететін бақылау-касса машинасын жөндеу жүзеге асырылған;

5) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы толығымен толтырылған;

6) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы жоғалған (бүлінген) жағдайларда алады.

Осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, фискалдық есепті алу үшін мемлекеттік кірістер органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:

1) нөмірленген, тігілген, мемлекеттік кірістер органының басшысы өз қолымен және мөрімен растаған қолма-қол ақша есебiнің және тауар чектерiнің кiтаптары;

2) соңғы фискалдық есеп алынған күннен бастап ауысымдық есептер табыс етіледі.

Фискалдық есепті алу кезінде деректері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілуі тиіс, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сай нысандағы фискалдық есепті алу актісі жасалады.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

15-ескертпе

Рәсімдер толық жүргізілгеннен кейін, кеден, салық және өзге де қызметтердің, сондай-ақ кредиторлардың алдында борыштар мен міндеттемелер болмаған кезде мөрді жою қажет.

Мынадай құжаттар ұсынылады:

1. Компанияны тіркеу туралы анықтама немесе куәлік.

2. Тарату туралы шешім.

3. Уәкілетті тұлғаның сенімхаты.

4. Уәкілетті тұлғаның жеке куәлігі.

5. Хабарландыруы бар газет.

6. Салық органынан анықтама.

7. Қажет болған кезде кеден органынан анықтама.

16-ескертпе

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңының 16-бабына сәйкес тарату негiздемесi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:

1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген 20 нысаны бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;

2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен (ол болған кезде) бекітілген шешiмi;

3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

4) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;

5) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

6) құрылтай құжаттары ұсынылады.

Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткенсоң ұсынылады.

Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қажетті құжаттарымен қоса берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді.

Аудандық әділет басқармасының басшысы қол қойған және мөр бедерімен бекітілген бұйрық ЖШС қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы құжат болып табылады.

Егер комиссия құрылса, онда ол қажетті жұмыстарды жүргізу үшін комиссия мүшелерінің бірін бекітеді, не болмаса үшінші тұлғаға уәкілеттік береді.

«ЖШС-ны жабу үшін не істеу керек?». Тараскин Д.В.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».