Ішкі тасымал кезінде экспедиторға шот-фактураны қалай жазып беру керек?

Василий Бураков, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный бухгалтер ТОО "Air V Group"


Жағдайдың сипаттамасы:

Шағын бизнес субъектісі «А» ЖШС жүк тасымалдаумен айналысады. 2018 жылғы тамызда компания экспедициялау қызметін қосу арқылы ұсынылатын қызметтер ассортиментін көбейтті. 2018 жылғы 10 тамызда «А» ЖШС «Б» ЖШС-мен оның контрагенті «С»-ға косметика топтамасын жеткізуге арналған шарт жасасты. Жеткізу ҚР аумағында жүргізіледі.

Шартқа сай «А» ЖШС:

1. Жіберілетін шикізатты «Б» ЖШС-ның қоймасында алуға;

2. Шикізатты «С» ЖШС-ның қоймасына жеткізуге;

3. Сақтандыруды қоса алғанда, тасымалдауға қажетті барлық құжаттарды ресімдеуге;

4. «С» ЖШС-дан жеткізуді растайтын құжаттарды алуға және оларды «Б» ЖШС-ға беруге міндеттенеді.

«А» ЖШС 100 % алдын ала төлемге шот ұсынған тасымалдау қызметінің құны – 100 000 теңге.

«А» ЖШС тапсырысты орындау барысында ақысын төлеген жүкті алып жүру, сақтандыру, тиеу-түсіру, құжаттарды ресімдеу және өткізу қызметтерінің құны – 80 000 теңге.

Сауалдар:

«А» ЖШС бухгалтері көлік қызметтеріне жеке және экспедиторлық қызметтерге жеке шот-фактура жазып беруі керек пе?

Бұл жағдайда қызмет алушы кім: «Б» ЖШС ма, әлде оның контрагенті «С» ЖШС ма?

«А» ЖШС бухгалтері шот-фактура ресімдеудің қандай ерекшеліктерін ескергені жөн?

Жауап:

Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері ҚР Салық кодексінің 415-бабында регламенттелген. Салық кодексінің 415-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Салық кодексінің 412-бабының 6-тармағының ережесін ескере отырып, «А» ЖШС жазып берілетін шот-фактурада жеке жолдарда тасымалдау жұмыстарын өткізу бойынша айналымды және тауарларды сақтандыру, алып жүру, тиеу, түсіру, құжаттарды ресімдеу құны кіретін экспедиторлық қызметтердің құнын көрсетуі керек. Салық кодексінің 412-бабы 5-тармағының 2 және 3-тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында «А» ЖШС жазып берілген шот-фактурада өнім беруші ретінде өзінің деректемелерін көрсетеді, өйткені ол – экспедитор, ал алушы ретінде «Б» ЖШС-ны көрсетеді, өйткені ол – көлік экспедициясы шарты бойынша клиент.

ЭШФ ресімдеген кезде «А» ЖШС-ның бухгалтері ЭШФ жазып беру қағидаларына сай «Өнім берушінің санаты» деген 10-жолда экспедиторлардың толтыруына арналған «С» ұяшығын белгілеуі керек болады. Сондай-ақ Салық кодексінің 415-бабының 3-тармағына сәйкес «А» ЖШС бухгалтерінің тасымалдаушылар және (немесе) экспедициясы шартының аясында орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынушылар және олардың құны туралы ақпаратты ашатын салықтық тіркелімді жүргізуі қажет болады.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».