October 19, 2018

Шетелде (ҚР-ны транзит арқылы кесіп өткенде) тауар сатып алған және сатқан кезде қандай салықтық міндеттемелер туындайды?

Василий Бураков, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный бухгалтер ТОО "Air V Group"

Жағдайдың сипаттамасы:

ҚР резиденті «А» ЖШС ҚҚС төлеуші болып табылады, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданады, Еуропадан тауар сатып алып, оны қырғыз сатып алушыға өткізеді. Келісімшарттың талаптарына сай еуропалық өнім беруші тауарды FCA (инкотермс 2010) талаптарымен сатады. «А» ЖШС бұл тауарларды ХҚЕС стандарттарына сай «жолдағы тауарлар ретінде» есепке алады. Бұдан әрі «А» ЖШС сол жерде тауарды қырғыз сатып алушыға осындай FCA талаптарымен өткізеді. Демек, қырғыз сатып алушы тауарды Қырғыз Республикасына өзі жеткізеді. Логистика географиясына сай бұл тауар Қазақстан Республикасынан транзит арқылы өтіп, әрі қарай Қырғыз Республикасына жеткізіледі.

Сауалдар:

1. Бұлай өткізу ҚР СК-нің 371-бабына сай қазақстандық ЖШС үшін салық салынатын импорт деп таныла ма?

2. ЖШС тауарды ҚР аумағына әкелместен, сата ала ма? ЖШС бұл жағдайда ЭШФ жазып беруі керек пе?

3. Егер ЖШС алдымен тауарды ҚР аумағына әкеліп, кедендік тазартудан өткізіп, кәдеге жарату алымын төлеуге міндетті болса, онда бұл тауарлар ҚР аумағында пайдаланылмай, осы жерден Қырғыз Республикасына экспортталатынына байланысты алдағы уақытта мұндай кәдеге жарату алымдарын қайтаруға бола ма?

4. Қазақстандық ЖШС тауарды ЕЭО-ға қатысушы елдерге өткізбес бұрын тауарды ҚР-ға міндетті түрде әкелу бойынша норма қандай НҚА-мен реттеледі?

Жауаптар:

1. ИНКОТЕРМС 2010 ережелерін негізге алсақ, FCA жеткізу талаптары сатушының тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушы ұсынған өзге тұлғаға өз үй-жайларында немесе өзге де уағдалы жерде беретінін білдіреді. Мәселеде ЖШС-ның тауарды Еуропада сатып алып, сол жерде қырғыз сатып алушыға өткізетіні көрсетілген. Бұл жағдайда ҚР Салық кодексінің 371-бабының ережелері қолданылмайды, өйткені Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар ҚР резиденті-ЖШС үшін салық салынатын импорт болып табылады. FCA жеткізу талаптарына және ИНКТЕРМС 2010 түсіндірмелеріне сай ҚР резиденті-ЖШС-ның тауарға меншік құқығы Қырғызстан сатып алушысы тауарды алғаннан кейін тоқтатылады, мәселені негізге алсақ, беретін жер Еуропа болады, демек, ҚР резиденті-ЖШС-ға тиесілі тауар Еуразиялық экономикалық одақтың шекарасын кесіп өтпейді.

2. ҚР Кәсіпкерлік кодексінде, атап айтқанда, 26-бабында жеке кәсіпкерлік субъектілері өзінің құқық қабілеттілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға құқылы деп белгіленген, басқа сөзбен айтсақ, егер ЖШС-ның Жарғысында ЖШС-ның сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі ескертілетін тармақ немесе бап болса, онда ЖШС-ның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелместен, тауарларды сатып алуға және сатуға толық құқығы бар.

Тауар ЕЭО-ның кедендік аумағына әкелінбеуіне байланысты ҚР Салық кодексінің 412-бабының 3-тармағына сай аталған норманың Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт кіретін халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған ҚР нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларға қолданылуы себебінен ЖШС-ның ЭШФ жазып беру міндеті туындамайды.

3. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларында кәдеге жарату алымын қайтару тәртібі белгіленбеген.

4. Тәжірибеде қандай да бір затты әкелуге шектеулер кездеседі, егер шарттың (келісімшарттың) талаптарында ескертілмеген болса, Қазақстанның кедендік аумағына қандай да бір затты мәжбүрлі түрде әкелу міндеттері белгіленбеген.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Тауарды қайтарған кезде қосымша ЭШФ-да қандай негіздеме-құжатты көрсеткен жөн?

Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері

Қазақстан жалпығы бірдей декларациялауды енгізу 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарлануда

2019 жылдан бастап барлық кәсіпкерлер салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық бере алады