September 24, 2018

2018 жылғы 1 қазаннан бастап салық төлеушілердің БКМ қолдану бойынша қандай міндеттемелері туындайды?

Андрей Гридин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный налоговый консультант ТОО Налоговое агентство «Партнер», г. Петропавловск

Жағдайдың сипаттамасы:

«А» кәсіпкерлік субъектісі киімді бөлшек саудада (сауда орталығындағы бутик арқылы) сатумен айналысады. 2012 жылдан бастап жұмыс істейді және деректерді беру функциясы жоқ БКМ-ны қолданады.

Сауалдар:

1. 2018 жылғы 1 қазаннан бастап «А»-ның БКМ қолдану бойынша қандай міндеттемелері туындайды?

2. Осыған ұқсас міндеттемелер қандай кәсіпкерлік субъектілерінде туындайды?

3. Туындайтын міндеттемелерді орындамаған жағдайда кәсіпкерлердің жауапкершілігі қандай болады?

Жауап:

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген.

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығына сай (2018 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді) жоғарыда аталған Тізбе он жеті бағдармен (қызмет түрлерімен), соның ішінде мынадай бағдарлармен толықтыру арқылы ұзартылады:

Жоғарыда жазылғанның негізінде аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде субъект «А» (БКМ қолдану Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағында көзделмеген тұлғаларды қоспағанда) 2018 жылғы 1 қазаннан бастапесеп айырысулар кезіндедеректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қолдануға міндетті болады.

ӘҚБтК-нің 284-бабының 1 және 2-тармақтарында сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машиналарын қолданбау ескерту жасауға әкеліп соғады деп айқындалған.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, жоғарыда аталған әрекеттер жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Сонымен, 2018 жылғы 1 қазаннан кейін Тізбеде белгіленген қызмет түрлерін есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ны қолданбастан жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу тәуекелі артады.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».