Келісімді ақы төлеу жүйесі кезінде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны қалай есептеу керек?
Рабиям Серикбаева, Эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», генеральный директор ТОО «ФИНЭКС», аудитор РК, Профессиональный бухгалтер РК
Жағдайдың сипаттамасы:
ҚР резиденті «А» ЖШС тамақ өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасымен айналысады. Компанияда 40 сағаттық бес күндік жұмыс аптасы кезінде жұмыс уақытын күн сайын есепке алу тәсілі қолданылады.
2017 жылғы қарашада тараптардың келісімімен жүк тиеуші болып жұмыс істейтін ЖШС қызметкері N келісімді еңбекке ақы төлеу жүйесіне ауыстырылды. Ауыстыру туралы бұйрыққа 10 қарашада қол қойылды. Ауысқанға дейін N айына 60 000 теңге мөлшерінде айлықақы алып жүрді. Жаңа талаптарға сай ол айына 200 қорап нормасы бойынша қоймаға ауыстырып тиелген әрбір қорап үшін 300 теңгеден алатын болды. 2018 жылғы маусымда N 9 шілденен бастап өз еркімен жұмыстан шығуға өтінішін әкелді. Ол алдыңғы демалысынан барлық тиісті күнін пайдаланып, 2017 жылғы 10 қыркүйекте шықты. 2017 жылғы 10 қыркүйектен бергі кезеңде N бүкіл тиісті уақытында толық жұмыс істеді.
Сауал:
Бұл жағдайда пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны қалай есептеу керек?
Жауап:
Ұйымда 40 сағаттық бес күндік жұмыс аптасы кезінде жұмыс уақытын күн сайын есепке алу тәсілі қолданылады, қызметкер N бүкіл кезеңде толық жұмыс істеді.
2017 жылғы 10 қыркүйектен бастап 2018 жылғы 09 қыркүйекке дейінгі кезеңдегі пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін өтемақыны есептеу үшін жыл сайынғы еңбек демалысын айқындаған кездегі еңбек өтілін есептеп шығару қажет. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Мереке күндерін есепке алмағанда, күнтізбелік күнмен есептелген еңбек өтілі:
Сонымен, мереке күндерін есепке алмағанда, күнтізбелік 351 күнге жыл сайынғы еңбек демалысының күнтізбелік 24 күні келіп тұр. 2017 жылғы 10 қыркүйектен бастап 2018 жылғы 09 шілдеге дейінгі кезеңдегі қызметкер N-ның жыл сайынғы еңбек демалысын айқындаған кезде еңбек өтілі мереке күндерін есепке алмағанда, күнтізбелік 290 күнді құрады.
Жоғарыда жазылған деректерді негізге ала отырып, қызметкер N-ның жыл сайынғы еңбек демалысының тиісті күндерін есептеп шығаруға болады:
24 * 290 / 351 = күнтізбелік 20 күн, мұндағы
24 – күнтізбелік күнмен есептегенде жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы;
290 – мереке күндерін есепке алмағанда, күнтізбелік күнмен есептегенде жыл сайынғы еңбек демалысын айқындаған кездегі еңбек өтілі;
351 – мереке күндерін есепке алмағанда, жылына күнтізбелік күн саны.
Бұдан әрі осы жағдайдың алдындағы 12 айлық кезеңдегі орташа күндік жалақыны есептеп шығару қажет:
720 000 / 245 = 2938,78 теңге, мұндағы
720 000 – жұмыскердің осы жағдайдың алдындағы 12 айлық кезеңдегі кірісі;
245 – қызметкердің осы жағдайдың алдындағы 12 айлық кезеңде жұмыс істеген жұмыс күндерінің саны.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының 7-тармағына сай қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі. 2018 жылғы 10 шілдеден бастап 2018 жылғы 29 шілдеге дейінгі тиісті пайдаланылмаған демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің саны 14 жұмыс күнін құрайды:
20 * 246 / 351 = 14,02 жұмыс күні, мұндағы
20 – пайдаланылмаған еңбек демалысының күнтізбелік күн саны;
246 – 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің орташа айлық балансы;
351 – мереке күндерін есепке алмағанда, жылына күнтізбелік күн саны.
Еңбек шартын бұзған кезде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы сомасын айқындау үшін пайдаланылмаған демалыс күндері жұмыскер жұмыстан босатылған күннен кейінгі бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесі бойынша жұмыс күнінен бастап саналады және жұмыс режимі ескеріле отырып, осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері алынады (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сай).
Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы сомасы:
14 * 2 938,78 = 41 142,92 теңгені құрайды, мұндағы
14 – тиісті пайдаланылмаған еңбек демалысының күнтізбелік 20 күніне сәйкес келетін жұмыс күндерінің саны;
2 938,78 – орташа күндік жалақы.