September 27, 2018

Жұмыс берушінің қызметкерге ағылшын тілін оқытуға жұмсаған шығыстары шегерімге жата ма?

Андрей Гридин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный налоговый консультант ТОО Налоговое агентство «Партнер», г. Петропавловск

Жағдайдың сипаттамасы:

«А» ЖШС ілмекті арматура сатумен айналысады. Өткізу қызметінің жетекші менеджері N өзінің қызметтік міндеттері аясында батыстық компаниялардың өкілдерімен сөйлесуі керек. Бұл компанияларда жұмыс тілі ағылшын тілі болғандықтан және олардан барлық құжаттама ағылшын тілінде келіп түсетіндіктен, N-ның ағылшын тілін білуі қажет.

Сауал:

«А» ЖШС N-ны ағылшын тілін оқуға кәсіпорын есебінен жіберуге құқылы ма?

Оқыту шығыстары шегерімдерге жата ма, әлде бұл қызметкердің кірісі ме?

Жауап:

Еңбек кодексінің 116-бабына сай біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.

Кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны.

Қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.

Еңбек кодексінің 118-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттілігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.

Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім алушыларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 257-бабының 1-тармағында шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің жұмыскерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған шығыстары түріндегі жұмыскердің кірісі де жатады деп айқындалған.

Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 2 және 40-тармақшаларына сай салық салу мақсатында:

- қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі өтемақылар;

жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында, қызметтік іссапарды ресімдемей жасалған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердi оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу бойынша жұмыс берушiнiң шығыстары жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды.

Жоғарыда жазылғанның негізінде қарастырылып отырған жағдайда ЖШС өз қызметкерін ағылшын тілін оқуға кәсіпорын есебінен жіберуге құқылы.

Бұл ретте ЖШС-ның жұмыскерді оқыту бойынша шығыстары былайша шегерімге жатқызылуы тиіс:

  1. жұмыс берушінің жұмыскерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға бағытталған шығыстары түріндегі жұмыскердің кірісі ретінде (оқытуға жіберілетін қызметкер ЖШС-да аудармашы болып, яғни шетел (ағылшын) тілі бойынша білімі пайдаланылатын мамандық бойынша жұмыс істеген және/немесе жұмыс істейтін жағдайда). Бұл жағдайда жұмыскердің кірісіне (оқыту шығыстарына) салық салынбайды;немесе
  2. жұмыскердің жұмыс берушіден алған заттай нысандағы кірісі ретінде (жұмыскер шетел (ағылшын) тілін міндетті түрде білу көзделетін мамандық бойынша (аудармашы) болып жұмыс істемесе және/немесе жұмыс істемейтін жағдайда). Бұл жағдайда жұмыскердің жұмыс берушіден алған басқа кірістерімен (әлеуметтік салық, төлем көзінен ЖТС, МЗЖ, МӘСҚ-ға және ММСҚ-ға аударымдар) бірдей жұмыскердіңзаттай нысандағы кірісіне (оқыту шығыстарына) салық салынуы тиіс.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».