Деректерді беру функциясы жоқ БКМ-ны қалай ауыстыру керектігі жайлы
Андрей Гридин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный налоговый консультант ТОО Налоговое агентство «Партнер», г. Петропавловск
Жағдайдың сипаттамасы:
«А» кәсіпкерлік субъектісі киімді бөлшек саудада (сауда орталығындағы бутик арқылы) сатумен айналысады. 2012 жылдан бастап жұмыс істейді және деректерді беру функциясы жоқ БКМ-ны қолданады. 2018 жылғы қыргүйекте кәсіпкердің БКМ-ны жаңасына – деректерді беру функциясы бар БКМ-ға ауыстыру қажеттігі туындады.
Сауал:
Ауыстыру үшін не істеу қажет?
Жауап:
БКМ-ны салық органында тіркеу есебіне алуда «БКМ-ны ауыстыру» деген ұғым жоқ. Соған байланысты Салық кодексінде салық төлеушіге салық органында бұрын есепте тұрған БКМ-ның орнына жаңа БКМ-ны есепке қоюға мүмкіндік беретін ережелер (баптар) жоқ. Қалай болғанда да салық төлеушінің қайта сатып алынған БКМ-ны тіркеу есебіне қою (СК-нің 167-бабының 1–2 тармақтары) және бұрын пайдаланылған БКМ-ны тіркеу есебінен алу (СК-нің 169-бабы 1-тармағының 5-тармақшасы) міндеттемелері туындайды.
* Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 57-тармақшасына сай салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Сонымен, БКМ-ны есепке қою/есептен шығару туралы өтінішті салық төлеушілердің өздері (ЖК, заңды тұлғаның басшысы) немесе олардың заңды өкілдері (ЖК үшін – нотариат куәландырған сенімхаттың негізінде, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның сенімхатының негізінде) беруге құқылы.
- Жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ)*органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының атаулары мен алты таңбалы кодтарының тізбесі)*
- Е-3 нысаны. АВАНСТЫҚ ЕСЕП
- 2018 ж. 20 қыргүйекте статистикалық есептіліктерді ұсыну мерзімі аяқталады
- Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау қағидалары өзгерді
- Кедендік транзит деген не?