Егер айналым жасалған күн мен ЭШФ жазып берген күн әр түрлі тоқсандарға жатса, қай тоқсанда түзетілген ЭШФ-ны көрсетіп, ҚҚС-ны есепке жатқызған жөн?
Автор: Сауле Парманова, эксперт ЭС"ACTUALIS: Главбух", главный специалист отдела администрирования косвенных налогов в рамках Таможенного союза УГД по Ауэзовскому району г.Алматы.
Мынадай параметрлерге ие кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылады:
- Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: кез келген (ЖШС, ЖК)
- Қызмет түрі: кез келген
- ҚҚС-ға қатысы: ҚҚС төлеуші
- Салық салу режимі: кез келген
Жағдайдың сипаттамасы:
Шағын бизнес субъектісі "А" ЖШС қыргүйекте өнім беруші "Б"-дан материалдар сатып алды. Бұл материалдар бойынша 2018.21.09 айналым жасалған күн 2018.20.09 деп көрсетіліп, ЭШФ жазып берілді. Материалдарды кіріске алған кезде "А" ЖШС бухгалтері шот-фактурада іс жүзінде алынған материалдар көрсетілмегенін анықтады. Өнім берушіге телефон соққаннан кейін "А" ЖШС-ның мекенжайына айналым жасалған күн 2018.20.09 және жазып берген күн 2018.08.10 деп көрсетілген түзетілген ЭШФ ұсынылды (онда іс жүзінде жеткізілген материалдар көрсетілген).
Сауалдар:
1. "А" ЖШС бухгалтері есепке алуда түзетілген ЭШФ-ны қай күнге көрсетуі керек?
2. Түзетілген ЭШФ-ның ҚҚС сомасын қай тоқсанда есепке жатқызған жөн?
Жауап:
Түзетілген ЭШФ-ны есепке алуда 2018.21.09 көрсеткен жөн, ал ҚҚС сомасы 2018 жылғы III тоқсанда есепке жатқызылады.
Негіздеме
Бұрын жазып берілген шот-фактурадан қателіктер анықталған жағдайда, Салық кодексінің 419-бабының 1-тармағына сай түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеліп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі. Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады.
Салық кодексінің 401-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылатын ҚҚС неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күні;
2) ҚҚС-ны есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын шот-фактураны немесе өзге де құжатты жазып беру күні.
Осы тармақтың мақсаттары үшін түзетілген болып табылмайтын шот-фактуралар есепке алынады.
Коммерциялық балабақшаларда еңбекке ақы төлеген кезде қандай НҚА-ны басшылыққа алған жөн?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналар мөлшері
Бақылау касса машиналарын қолдану қағидалары
2018 ж. 25 қазанда статистикалық есептіліктерді ұсыну мерзімі аяқталады
2-МП нысаны бойынша статистикалық есепті ұсыну мерзімі туралы
Өзіңізді 2-қызмет көрсету нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындар тізбесінен тексеріңіз
Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды