Шот-фактураны қағаз жеткізгіште қалай ресімдеу керектігі жайлы
Андрей Гридин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный налоговый консультант ТОО Налоговое агентство «Партнер», г. Петропавловск
Мынадай параметрлерге ие кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылады:
- Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: кез келген (ЖШС, ЖК)
- ҚҚС-ға қатысы: ҚҚС төлеуші емес
- Салық салу режимі: кез келген
- Қызмет түрі: кез келген
Жағдай:
ҚР резиденті «А» ЖШС ҚТҚ шығару қызметін көрсетеді, ҚҚС төлеуші емес. 2018 жылғы 27 қыргүйекте «А» ЖШС бухгалтері контрагент «Б»-ға Х қызметі бойынша орындалған жұмыстар актісін жазып берді. «А» 30 қыргүйекте осы қызмет бойынша қағаз жеткізгіште шот-фактура ресімдеді. Акт туралы мәліметтер шот-фактурада көрсетілмеген. Контрагент «Б» ЖШС-дан 30 қыргүйек күні қойылған шот-фактураны қабылдаудан бас тартып, жазып берген күн 27 қыргүйек деп көрсетілген басқасына ауыстыруды талап етіп отыр (орындалған жұмыстар актісі мен шот-фактураны жазып берген күн сәйкес келуі үшін).
Сауалдар:
1. Шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беру тәртібі қандай?
2. Шот-фактурада орындалған жұмыстар актісі туралы деректерді көрсету талап етіле ме?
3. «А» ЖШС бухгалтері контрагенттің талаптарын қанағаттандырып, шот-фактураны ауыстыруға міндетті ме?
Жауап:
Салық кодексінің 413-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сай жеке келісілген жағдайларды қоспағанда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазып беріледі.
Салық кодексінің 379-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.
Электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерiн, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде тауарлар жеткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін ағынды жүйелерді және кәрізді тазалау бойынша жұмыстар, қалдықтарды жинау бойынша көрсетілетін қызметтер (қоқысты жою), лифтілерге, домофондарға қызмет көрсету бойынша қызметтер коммуналдық көрсетілетін қызметтер деп түсініледі.
Салық кодексінің 412-бабының 5-тармағында қағаз шот-фактурада міндетті түрде толтырылуы тиіс деректер тізбесі айқындалған. Бұл тармақта жазып берілген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері туралы деректерді шот-фактурада көрсету міндеттемелері берілмеген.
Жоғарыда жазылғанның негізінде қарастырылып отырған жағдайда ЖШС-ның шот-фактураның күнін түзету және/немесе жазып берілген орындалған жұмыстар актісі туралы мәліметтерді шот-фактурада көрсету міндеттемелері туындамайды.
Екінші жағынан, ЖШС ҚҚС төлеуші емес бола отырып, шот-фактуралар жазып беруді жоспарлаған жағдайда, оның жазып берілетін бастапқы құжаттарды Салық кодексінің нормаларымен сәйкестендіруі (орындалған жұмыстар актісінде 2018.27.09 күнін 2018.30.09 күніне түзетуі) қажет.
Шот-фактура тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде сатып алушы төлеген ҚҚС-ны сатып алушы есепке жатқызуы үшін арналған тек салықтық есепке алу құжаты болып табылады.
Соған байланысты ҚҚС төлеуші емес тұлға жазып берген шот-фактураның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушы үшін қандай да бір құндылығы жоқ (онда есепке жатқызуға болатындай ҚҚС сомасы жоқ).
Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағына сай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген ҚҚС төлеушілер (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғалар);
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
3) Салық кодексінің 416-бабында белгіленген жағдайларда, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) Салық кодексінің 415-бабында белгіленген жағдайларда, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедитор.
Салық төлеушілердің басқа санаттары шот-фактуралар жазып беруге міндетті емес. Бұл ретте Салық кодексінде олардың шот-фактураларды өз қалауынша «ҚҚС-сыз» деген белгімен жазып беру мүмкіндігіне шектеу қойылмаған (СК-нің 412-бабының 9-тармағы).
Салық кодексінің 412-бабының 5-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурада мына деректер көрсетілуі тиіс:
1) шот-фактураның реттiк нөмiрi;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын жеке кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
4) шот-фактура жазып берiлген күн;
5) Салық кодексінің 416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – комитент немесе комиссионер;
6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі;
7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;
9) қосылған құн салығы��ың мөлшерлемесі;
10) қосылған құн салығының сомасы;
11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны.
Мәлімет үшін: тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ҚҚС есептеу/төлеу және/немесе 300.00 нысанындағы ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну міндеті тек ҚҚС төлеушілерге ғана, яғни ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға жүктелген (СК-нің 367-бабы, 424-бабы).
Соның салдарынан ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрмаған салық төлеушілердің шот-фактуралар жазып беруі олардың ҚҚС есептеу/төлеу және/немесе 300.00 нысанындағы декларациияны ұсыну міндеттемелерін тудырмайды.
Профилактикалық бақылау мен қадағалау деген не?
БКМ-ға қойылатын техникалық талаптар
«Салықтөлеушікабинеті» web-қосымшасын 4.0.12 нұсқасынадейінжаңарту