Жиыстыру құралдарын сатып алуды бухгалтерлік есепте (ҰҚЕС жағдайында) қалай көрсету керек?
Айнур Абдульдинова, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», Профессиональный бухгалтер РК, директор ТОО «ВТА Company», г. Караганда
Жағдайдың сипаттамасы:
Шағын бизнес субъектісі, ҚҚС төлеуші «А» ЖШС көтерме азық-түлік саудасымен айналысады, ҰҚЕС бойынша есепке алуды жүргізеді. 2018 жылғы тамызда компания офисті жиыстыруға арналған мынадай шаруашылық құралдарын сатып алды:
- металл швабра (болжамды қызмет ету мерзімі – 3 жыл, құны – ҚҚС ескерілгенде 6 000 теңге);
- металл қалақша (болжамды қызмет ету мерзімі – 2 жыл, құны – ҚҚС ескерілгенде 2 000 теңге);
- резеңке қолғап, 5 жұп (болжамды қызмет ету мерзімі – 1 ай, бір жұбының құны – ҚҚС ескерілгенде 450 теңге).
Сауал:
ЖШС-ның бухгалтерлік есебінде бұл құралдарды сатып алуды қалай көрсету керек?
Жауап:
Кәсіпорында активтерді есепке алу кәсіпорын қолданатын қаржылық есептілік стандарттарына, ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына және кәсіпорынның есепке алу саяясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен, ҰҚЕС-ның 12-тармағына сәйкес егер:
- активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың субъектіге келіп түсуі ықтимал болса;
- активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса;
- актив әдеттегі қызмет барысында кейіннен сату үшін сатып алынбаса, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер актив ретінде танылады.
Негізгі құралдарға материалдық-заттай нысаны бар активтер жатады. Мысалы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) шығаруда немесе жеткізуде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге, құнның өсіміне немесе әкімшілік мақсаттарға субъект ұстап қалатын және бірден астам кезең ішінде пайдалану болжанатын жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, машиналар мен жабдық, жануарлар мен көп жылдық өсімдіктер, сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінде жылжымайтын және жылжымалы мүлік деп айқындалған басқа да мүлік.
ҰҚЕС-ның 32-тармағына сәйкес қорлар былай жіктеледі:
1) қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар;
2) қайта сатуға арналған мүлік (жер, ғимарат, автомобильдер және т.б.);
3) субъект өндірген және сатуға арналған дайын өнім;
4) дайын өнімді (немесе қызметті) өндіруге арналған, сондай-ақ өндірістің өзін қамтамасыз етуге арналған шикізат пен материалдар;
5) аяқталмаған өндіріс – дайындық сатысына жетпеген өнім, кейіннен толықтыруға арналған жартылай фабрикаттар;
6) жолдағы тауарлар.
ҰҚЕС-ның 33-тармағының негізінде қорлар қандай да бір басқа актив сияқты тек мынадай тану өлшемшарттары болған кезде ғана есепте көрсетіледі:
1) осы актив бойынша келешекте экономикалық пайда алу ықтимал болған кезде;
2) есепке алу объектісін сатып алуға немесе өндіруге іс жүзіндегі шығындарды бағалау мүмкін болған кезде.
Қаржылық есепте қорлар өзіндік құны бойынша көрсетіледі, ол сатып алу бағасынан, импорттық баждан, салықтан (өтелетінді қоспағанда) тұрады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және өзге де ұқсас баптар шығындарды айқындау кезінде азайтылады.
ҰҚЕС-ның жоғарыда жазылған ережелерінен шығатын қорытынды, кейіннен сату үшін емес, кәсіпорынның негізгі қызметін жүзеге асыру барысында пайдалану мақсатында сатып алынған металл швабра мен металл қалақшаны бір кезеңнен артық пайдалану болжанып отырғандықтан және олардың құны сатып алу жөніндегі құжаттардан белгілі екенін ескерсек, бұл активтер негізгі құралдар құрамында танылуы тиіс.
Негізгі құралдарды есепке алуға қабылдау кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінің (бұйрығының) негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте ҰҚЕС-ның 15-тармағына сәйкес актив ретінде танылуы тиіс негізгі құралдар алғашында сауда жеңілдіктерін шегеріп тастағандағы активтің сатып алынатын бағасынан, импорттық баждан және салықтан (өтелетінді қоспағанда) тұратын өзіндік құны бойынша өлшенеді.
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес негізгі құралдар 2410 «Негізгі құралдар» шоты бойынша есепке алынады.
Резеңке қолғаптарды кіріске алуға келсек, ҰҚЕС-ның 32 және 33-тармақтарының негізінде олар қорлар құрамында есепке алынатын болады. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес резеңке қолғаптар 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты бойынша есепке алынуы тиіс. Сонымен қатар бұл жағдайдың мән-жайы бойынша «А» ЖШС ҚҚС төлеуші болғандықтан, активтерді сатып алу жөніндегі бастапқы құжаттарда көрсетілген ҚҚС сомасы кіріске алынатын активтердің өзіндік құнында есепке алынбайды.
Бухгалтерлік есепте активтерді кіріске алу мынадай шоттардың корреспонденциясы түрінде көрсетіледі:
«Жиыстыру құралдарын сатып алуды бухгалтерлік есепте (ҰҚЕС жағдайында) қалай көрсету керек?». Абдульдинова А.С.