October 11, 2018

Берген компанияның мөрі жоқ сенімхаттың заңды күші бола ма?

Дмитрий Тараскин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», директор юридического и финансового департамента юридической компании «LEGIST COMPANY», г. Алматы

Жағдайдың сипаттамасы:

Шағын бизнес субъектісі «А» ЖШС тамақ өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасымен айналысады. 2018 жылғы мамырда «А» ЖШС «Б» ЖШС-мен (бөлшек сауда дүкені) өлшеніп оралған шай топтамасын жеткізуге арналған шарт жасасты. «Б» ЖШС – жаңа компания, 2018 жылғы 15 мамырда ашылған. Шай тасымалдау міндетін сатып алушы «Б» ЖШС-ның өзі атқарады. 29 мамырда «А» ЖШС-ның қоймасына азамат N келді, ол «Б» ЖШС-дан активтер алуға сенімхат берді. Бұл ретте сенімхатта «Б» директорының қолы бар, алайда мөрі жоқ.

Сауалдар:

Бұл жағдайда мөрсіз активтер алуға сенімхаттың заңды күші бола ма?

«А» ЖШС сенімхаттың түпнұсқалығына қалай көз жеткізе алады?

Жауап:

ҚР 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық кодексiнің 33-бабының 2-тармағына сай заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл талап жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Азаматтық кодекстің 167-бабының 6-тармағына сай заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және егер ҚР заңнамасына сәйкес аталған тұлғаның мөрі болуға тиіс болса, осы ұйымның мөрiмен бекемделедi.

«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығының (16.03.2018 берілген өзгерістері мен толықтыруларын ескергенде26-тармағынасай активтерді алу кезінде субъектінің атынан әрекет ететін адамның құқығын ресімдеу үшін нысаны «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (бұдан әрі – № 562 бұйрық) бекітілген сенімхат қолданылады.

Сенімхат олармен ақшаларды және активтерді сақтау үшін толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасасқан тұлғаларға беріледі.

Сенімхатқа субъектінің басшысы қол қояды және осы ұйымның мөрімен бекемделеді (ол бар болса).

Нысаны № 562 бұйрықпен бекітілген, берілген сенімхаттарды есепке алу журналы берілген сенімхаттарды тіркеу, оларды алғанын және тапсырманың орындалғанын белгілеу үшін қолданылады және сенімхаттарды беруге және тіркеуге жауапты тұлғада сақталады. Барлық беттері нөмірленеді, тігіледі және осы ұйымның мөрімен (ол бар болса) бекемделеді.

Жоғарыда жазылған нормаларды негізге алсақ, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымның өз мөрі болмауға құқығы бар, сәйкесінше, ұйым басшысы қол қойған сенімхаттың заңды күші болады, өйткені басшы Жарғының негізінде әрекет ететін заңды тұлғаның атқарушы органы болып табылады.

Азаматтық кодекстің 37-бабының 1-тармағына сай заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды.

«Б» ЖШС-ның өзінде уақытша немесе тұрақты негізде мөрі жоқ екендігі туралы «Б» ЖШС-ның басшысы қол қойған бұйрық шығарғаны жөн. Сенімхатқа ЖШС басшысы қол қояды, сенімхатта мөр бедерінің орнына «мөрсіз» деген сөзді жазған жөн.

Олармен ақшаларды және активтерді сақтау үшін толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасасқан тұлғалар бұйрықпен танысып, бұйрыққа таныстым деп қол қоюы керек.

Жоғарыда жазылғаннан шығатын қорытынды, «А» ЖШС сенімхаттың түпнұсқалығына «Б» ЖШС-ның уақытша немесе тұрақты негізде мөрі жоқ екендігі туралы бұйрықтың берілген көшірмесінің негізінде көз жеткізе алады.

Сондай-ақ «Б» ЖШС-дан «Б» ЖШС директорының қолы мен тағайындалу фактісін салыстырып тексеру үшін директордың тағайындалғаны туралы бұйрықтың куәландырылған көшірмесін, директордың жеке куәлігінің көшірмесін талап еткен жөн.

Егер ұйымда мөрі болса, онда ол сенімхатқа белгіленген тәртіппен қойылуы тиіс.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Мектеп мейірбикелеріне кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін төлеу керек пе?

Организация хранения бухгалтерских документов

2018 ж. 16 қазанда статистикалық есептіліктерді ұсыну мерзімі аяқталады