Тауар импорттаған кезде ҚҚС-ны есепке жатқызу әдісімен төлеу жайлы

by @mcfr
Тауар импорттаған кезде ҚҚС-ны есепке жатқызу әдісімен төлеу жайлы

Андрей Гридин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный налоговый консультант ТОО Налоговое агентство «Партнер», г. Петропавловск

Тауар импорттаған кезде ҚҚС-ны есепке жатқызу әдісімен төлеу жайлы

Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан және басқа да мемлекеттердің аумағынанимпортталатын тауарларға ҚҚС төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 427 және 428-баптарымен реттеледі.

ЕЭО-ға мүше емес елдерден импортталатын тауарларға ҚҚС-ны есепке жатқызу әдісімен төлеу

ҚР СК-нің 427-бабына сай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:

1) жабдықтар;

2) ауыл шаруашылығы техникасы;

3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;

4) тікұшақтар мен ұшақтар;

5) теміржол локомотивтері мен вагондар;

6) теңіз кемелері;

7) қосалқы бөлшектер;

8) пестицидтер (улы химикаттар);

9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;

10) тірі мүйізді ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлейді.

Демек, ҚҚС төлемейтін тұлғалар импортталатын тауарларғаҚҚС төлеудің бұл тәртібін пайдалана алмайды.

Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару – егер «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде өзгеше көзделмесе, ол арқылы орналастырған кезде шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағындаболатын және пайдалану және билік ету бойынша шектеу қойылмай пайдаланылатын кедендік рәсім.

Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төленген жағдайда, қосылған құн салығын іс жүзінде төлемей жүргізіледі.

Импортқа ҚҚС-ныесепке жатқызу әдісімен төлеу қолданылатын тауарлар тізбесі«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығымен бекітілген. Егер импортталатын тауардың СЭҚ ТН коды осы тауарлар тізбесінде көрсетілген кодқа сәйкес келсе, онда импортталатын тауарға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленуі мүмкін.

Бұл ретте бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.

Атап өтер жайт:импортталатын тауарларға ҚҚС-ны есепке жатқызу әдісімен төлеу:

1) одан әрі өткізуге (соның ішінде жалға өткізуге)арналмаған;

2) қаржы лизингіне беру мақсатындағы тауарларға (халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда);

3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектергеқатысты қолданылады.

Тізбедегі тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.

Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде 427-баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуі тиіс.

Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң өткізуге импортталатын тауарларға қосылған құн салығы салынбайды.

Атап өтер жайт, 2018 жылғы1 қаңтардан бастапесепке жатқызу әдісін қолдану үшін кеден органынаҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін және ҚҚС бойыншадекларацияда ҚҚС сомасын көрсету міндеттемесінің нысанын беру міндеті жойылды.

ЕЭО-ға мүше мемлекеттерден импортталатын тауарларға ҚҚС-ны есепке жатқызу әдісімен төлеу

Қазақстан Республикасының аумағына ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойыншаҚҚС-ны есепке жатқызу әдісімен төлеу тәртібі ҚР СК-нің 428-бабында айқындалған.ҚҚС-ны есепке жатқызу әдісімен төлеуқолданылатын тауарлар тізбесі мен оны төлеу жөніндегі ережелер ҚР СК-нің 427-бабындағы сияқты.

Қосымша, қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен (320.00 нысаны) бір мезгілде салық органына:

1) ҚР СК-нің 456-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды (тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш(328.00 нысаны); жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмелері және басқалары);

2) тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын беретін, құжаттарды ұсынады. Қажет болған жағдайда бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.

ҚҚС бойынша салықтық есептілік (300.00, 328.00, 320.00 нысаны) толтырған кезде ҚҚС сомасы қалай көрсетілетіні жайлы

Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда (300.00 нысаны)бір мезгілде есепке жазу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.

ҚҚС бойынша салықтық есептілікті (300.00 нысаны) жасау қағидаларына сәйкес 2018 жылыесепке жатқызу әдісімен төленетін ҚҚС сомасыҚҚС бойынша декларацияның 300.04 қосымшасының негізінде 300.00.011 жолында есепке жазуда және 300.00.029А және 300.00.029В жолдарында есепке жатқызуда көрсетіледі.

300.00.011В жолында тауар импорты кезінде есепке жатқызу әдісімен есепке жазылған ҚҚС сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001В жолында көрсетілген сома көшіріледі.

300.00.029А жолындаҚР СК-нің 427 және 428-баптарынасәйкес есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төленген импортталатын тауарлар құны көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001А жолында көрсетілген сома көшіріледі.

300.00.029В жолында300.00.020 В жолында көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС-ны қоспағанда, ҚР СК-нің 427 және428-баптарынасәйкес есепке жатқызу әдісімен салық төленген импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001В жолында көрсетілген сома көшіріледі.

Декларацияның 300.04 қосымшасының 300.04.001А жолында ҚҚСесепке жатқызу әдісімен төленетін салық салынатын импорт сомасы көрсетіледі.

300.04.001В жолындаесепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты бойыншаҚҚС сомасы көрсетіледі.

Атап өтер жайт, салық төлеушілер жиі жіберетін қателік:импортталатын тауарлар сатып алу жөніндегі мәліметтерді көрсету арқылы 300.00.029А, 300.00.029В жолдарын толтырған кезде,есепке жатқызылатын ҚҚС сомасыасып кетеді деген болжаммен 300.00.011В жолы толтырылмайды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ҚР СК-нің 428-бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төленген тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда (320.00 нысаны) 320.00.005А, 320.00.005В жолында көрсетіледі, оған декларацияның 320.02 қосымшасындағы мәліметтер көшіріледі.Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық декларациясымен бір мезгілде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00 нысаны) ұсынылады.

ҚҚС қай кезеңде есепке жатқызылуытиіс?

ҚР СК-нің 400-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сай тауарлар импортталған жағдайда тауарларға арналған декларацияда(басқа елдерден импорт)немесе импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда көрсетілген, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) (ЕЭО елдерінен импорт)көрсетілген салық сомасымен сәйкес келетін қосылған құн салығының сомасыесепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы деп танылады.

ҚР СК-нің 400-бабы 1-тармағының 2-тармақшасындакөзделген жағдайда,есепке жатқызылатын қосылған құн салығынеғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:

1) бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде есепке жатқызуларды жүргізу арқылы салықты төлеу есебіне жүзеге асыру күні;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген кедендік ресімдеу күні немесе импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда осындай салық есептелген салықтық кезеңнің соңғы күні.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Жыл сайынғы еңбек демалыстарынан қалған, ақы төленбеген күндер үшін жұмыскер әйелге қандай сома төленуге тиіс?

Надежда Маликова, эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», директор юридического департамента ТОО «FactorOfTime», г. Алматы

Сұрақ: Декреттік демалысқа дейін жұмыскердің өткен жылдар үшін жыл сайынғы еңбек демалысының төленбеген күндері қалды: 2013–2014 жылдар үшін – 7 күн, 2014–2015 жылдар үшін – 25 күн, барлығы – 32 күн. Бүгінгі күні жұмыскер толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейді (4-сағаттық жұмыс күні). Кадрлар бөлімі жоғарыда көрсетілген 32 күнді жұмыс күндері ретінде есептеуді ұсынады (негізінде жұмыскер демалады), бұл ретте белгіленген жұмыс режиміне байланысты, жалақы қысқартылған жұмыс күндері үшін есептелінеді. Жұмыс беруші 92 890 тг (айлық):2 = 46 445 тг. төлемекші. Егер орташа күндік жалақы 1 күнге 4500 тг құрайтын, ақы төленетін еңбек демалысының кезеңдерін ескерсек, онда төлемақылардың айырмашылығын көреміз: 4 500 тг х 32= 144 000 тг. Жұмыскер кадрлар бөліміне 32 күн емес, 64 күн демалыс беруін ұсынады, бірақ кадрлар бөлімінің мамандары мұндай шараға келіспей отыр. Бұл жағдайда не істеу керек және жыл сайынғы еңбек демалыстарынан қалған, төленбеген күндерге қандай сома есептелуге тиіс?

Жауабы: жалғасы ...

November 5, 2018
by @mcfr