Веб-порталда электрондық актілерге кім қол қоюы керек?
Екатерина Клопова, юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қабылдау-беру актілеріне қол қойған кезде тауарларды қабылдау мен құжаттарды ресімдеуге жауапты өкілдерді қосу функциясы бар, бірақ ол міндетті талап емес.
Мұндай өкілдердің қойылған қолының болмауы техникалық тұрғыда бекітуші тұлғаның қабылдау-беру актісіне қол қоюына кедергі келтірмейді.
Материалдық жауапты тұлғалардың актіге алдын ала қол қою міндеттілігі тапсырыс берушінің ішкі құжат айналымы қағидаларында айқындалған.
Внимание: Қаржылық құжаттарға қол қою құқығына тек тапсырыс берушінің басшысы ие. Бұл қабылдау-беру актісіне де қатысты: онда қанша керек болса сонша келісу қолы болуы мүмкін, бірақ түпкілікті түрде оған тек басшы (веб-порталда – бекітуші) не тапсырыс берушінің атынан осындай құжаттарға қол қоюға басшының шешімімен уәкілетті тұлға қол қойғаннан кейін ғана қол қойылды деп саналатын болады.
Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымда (ЖМДҰ) ойыншықтар мен ойын материалықалай есепке алынатыны жайлы