October 23, 2018

Үшінші тұлғаға тиеп-жөнелту арқылы FCA талаптарымен ҚР аумағында сатқан кезде ҚҚС-ны қалай көрсету керек?

Василий Бураков, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный бухгалтер ТОО "Air V Group"

Мынадай параметрлерге ие кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылады:

- Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: кез келген (ЖШС, ЖК)

- Қызмет түрі: кез келген

- Салық салу режимі: кез келген

Жағдайдың сипаттамасы:

Орта бизнес субъектісі«А» ЖШС көтерме астық саудасымен айналысады, Ресей контрагентімен астық жеткізу туралы келіссөздер жүргізеді. FCA жеткізу талаптары, яғни меншік құқығы сақтау орнынан (қазақстандық элеватор)вагондарға астық тиеген кезде ауысады. Ресейлік компания тауарды Ресей аумағына әкелмей, астықты Ақтау кемежайынан Иранға жібермекші.

Одан бөлек, тапсырма шартын жасасу жоспарланып отыр, ол бойыншаресейлік компания«А» ЖШС-ға кейіннен өтеу арқылы Иранға жіберген кездегі барлық кедендік шығыстарды төлеуді тапсырады. Иранға жіберу құжаттарында ресейлік компания сатушы болады, жүк алушы мен сатып алушы – Иран,ал «А» ЖШСжүк жөнелтуші ретінде болады. Ресейліккомпаниядан328 нысаны болмайды, өйткені тауар Ресей аумағына кірген жоқ.

Сауалдар:

1. «А» ЖШС бұл жағдайда астық өткізуге нөлдік мөлшерлемені қолдана ала ма?

2.«А» ЖШСбухгалтері бұл айналымды ҚҚС бойынша декларацияның (300.00  нысаны) қай жолында көрсетуі керек: кедендік одақ елдеріне өткізу ретінде ме, әлде үшінші елдерге өткізу ретінде ме?

1-сауалға жауап:

Бұл жағдайда нөлдік мөлшерлемені қолдануға келмейді, өйткеніТауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың1-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 18 қосымшасына сайсалық төлеуші бір мүше мемлекеттіңаумағынан тауарларды ЕЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілетін тауарларды әкету тауарларды экспорттау болып танылады.

2-сауалға жауап:

Бұл жағдайда «А» ЖШС үшін тауар экспорты мүлде жоқ, өйткені FCA жеткізу талаптарына сай тауарға меншік құқығы Қазақстан Республикасының аумағында ауысады және экспортталатын тауарды кедендік тазарту мақсатында үшінші тұлға қатысады. Соған байланысты ҚР Салық кодексінің «Тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналым» 386-бабының ережелерін қолдану мүмкін емес, өйткенітауар экспорты кезінде ресейлік компания декларация толтырушы болады, сонымен, тауар өткізуді ҚҚС бойынша декларацияда 300.00.001 жолында тиісінше 12 % қосылған құн салығын есепке жазу арқылы көрсету қажет болады.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Автомашинаны баланстық құнынан төмен сатқан кезде ЖШС-ның қандай салықтық міндеттемелері туындайды?

Қолма қол ақшаны есепке алу кітабы

Фискалдық есепті алу актісі

Құрметті «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары

Салық төлеуші жатқызылған қауіп-қатер дәрежесі туралы ақпаратты 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР ҚМ МКК-нің ресми сайтынан алуға болады