November 16, 2018

Жаңа қатысушыны қосу есебінен ЖШС-ның жарғылық капиталын ұлғайту

Ирина Ногоспаева, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», Профессиональный бухгалтер РК, финансовый директор ТОО "Фирма Прино", г. Алматы

Мәселенің сипаттамасы:

«А» ЖШС-ны 2017 ж. екі құрылтайшы – жеке тұлға құрды. Бухгалтерлік есеп ШОБ арналған ХҚЕС бойынша жүргізіледі. 2018 ж. маусымда құрылтайшылар жиналысында жарғылық капиталды ұлғайту үшін құрылтайшылардың құрамына тағы бір құрылтайшыны қосу туралы шешім қабылданды.

Сауал:

Бұл жағдай ЖШС-ның бухгалтерлік есебінде қалай көрсетіледі?

Жауап:

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң22-бабына сай Заңның, серіктестік жарғысының және құрылтай шартының талаптарын сақтай отырып, серіктестікке жаңа қатысушы қабылдауды жүргізу құрылтай шартына қосылу туралы шартпен ресімделеді. Қосылу туралы шартқа серіктестік органының уәкілетті басшысы мен қосылған қатысушы қол қояды.

Қосылу туралы шарт құрылтай шартының ажырағысыз бөлігі болып табылады, ол қосылу туралы шарттың ережелерінен туындайтын бөлігінде өзгертілген болып есептеледі. Құрылтай шартына қосылу туралы шартты нотариат куәландыруға тиіс.

Жаңа қатысушы серіктестіктің құрылтай шартына және оның жарғысына осы құжаттардағы қосылу туралы шарттың ережелерінен туындайтын өзгерістерді ескере отырып қосылған болып есептеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайтуға оны толық төлегеннен кейін рұқсат етіледі және ол:

  1. серіктестіктің барлық қатысушылары қосатын қосымша бара-бар салымдар;
  2. жарғылық капитал мөлшерін серіктестіктің өз капиталы есебінен, оның ішінде өзінің резерв капиталының есебінен ұлғайту;
  3. бұған қалған барлық қатысушылар келіскен жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар салуы;
  4. серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Заңның 26-бабының 5-тармағына сай серіктестік жалпы жиналыс жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталдың ұлғайтылғандығы туралы өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлауға міндетті. Хабарлаған кезге қарай жарғылық капитал ұлғайтылатын соманың кемінде жартысына тең сомада салымдар енгізілуге тиіс. Егер серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарламаса, жарғылық капитал ұлғайтылмаған болып танылады.

Есепте жарғылық капиталдың ұлғайтылғандығын көрсеткен кезде бухгалтерлік жазбалар жарғылық капиталға бастапқы жарна салған кездегі операцияларға қолданылатын жазбаларға ұқсас болады.

Нормативтік база. Заңның 3-тарауы 23-бабының 3-тармағына сай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін. Заңның 6-тармағына сай жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауға немесе серіктестіктен бұрынғы қатысушылардың бірі шығуына байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу кезіндегі үлестерін тиісінше қайта есептеуге әкеп соғады.

Сонымен, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілгеннен кейін ЖШС мұны 2018 жылғы маусымда бухгалтерлік есепте тізбектер түрінде көрсетуі керек.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».