November 12, 2018

Заңды тұлғаның электрондық шот-фактураға қол қою ерекшеліктері

Василий Бураков, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный бухгалтер ТОО "Air V Group"

  1. Белгілі бір бағдарламалық қамсыздандырудың, электрондық цифрлық қолтаңбаның және т. с. с. болу қажеттігі.
  2. Қол қоюға кімнің құқығы бар екендігі жөнінен қағаз шот-фактурадан айырмашылығының бар-жоғы туралы.
  3. Қол қою құқығын басқа адамдарға (басшыдан басқа) беруді ресімдеу тәртібінде қағаз шот-фактурадан айырмашылығының бар-жоғы туралы.

Жауаптар:

Қолданыстағы заңнамаға сай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын белгілі бір салық төлеушілер санаты электрондық шот-фактуралар (бұдан әрі – ЭШФ) жазып беруге міндетті, бұл норма Салық кодексінің 412-бабында және басқа да НҚА-да белгіленген.

Сонымен қатар салық төлеушілер электрондық шот-фактураларды ерікті түрде жазып бере алады.

Шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беру үшін салық төлеушінің ең бірінші кезекте ҚР Ұлттық куәландыру орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуы қажет. Сонымен қатар заңды тұлғаны ЭШФ АЖ-да тіркеу үшін кәсіпорын басшысының ЭЦҚ-сы, сол сияқты заңды тұлғаның өзінің ЭЦҚ-сы қажет. Заңды және жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ алу рәсімі туралы толық ақпаратты порталынан алуға болады.

ЭЦҚ алғаннан кейін салық төлеушінің ЭШФ АЖ-да тіркеу рәсімінен өтуі қажет.

Бұл үшін алдын ала сілтемесі бойынша «CryptoSocket» бағдарламасын көшіріп, орнатқан жөн.

Бұл бағдарлама жазып берілген шот-фактуралар куәландырылатын, Ұлттық куәландыру орталығынан немесе ХҚКО-дан алынған электрондық цифрлық қолтаңбалармен (бұдан әрі – КО ЭЦҚ) дұрыс жұмыс істеу үшін қажет.

Пайдаланушылардың ЭШФ АЖ-да тіркелу тәртібімен ЭШФ АЖ-ның жоғарғы мәзіріндегі «Көмек» бөлімінде танысуға болады.

Онда пайдаланушылар ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты оқи алады.

Сонымен, ЭШФ жазып беру үшін заңды тұлғаның:

а) компьютерге «CryptoSocket» бағдарламасын орнатуы;

б) басшының және заңды тұлғаның қолданыстағы КО ЭЦҚ-лары болуы;

в) ЭШФ АЖ-да тіркелуі қажет.

ЭШФ АЖ-да жұмыс істеген кезде мәселелер туындаған жағдайда салық төлеушілер ЭШФ АЖ-ның пайдаланушыларды қолдау қызметіне жүгінуге құқылы. ЭШФ АЖ-ның пайдаланушыларды қолдау қызметінің мекенжайы: [email protected]

Қолданыстағы ҚР салық кодексіне, атап айтқанда, 412-бабының 12-тармағына сай заңды тұлға бұйрықтың негізінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактураларды куәландыру құқығын өз жұмыскеріне бере алады, дәл осындай рет-тәртіп ЭШФ АЖ-да іске асырылған. «Шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 270 бұйрығының (бұдан әрі – ЭШФ жазып беру қағидалары11-тармағының негізінде заңды тұлғаның басшысы өзінің жеке ЭЦҚ-сы мен заңды тұлғаның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, еңбек ресурстары шығындарын оңтайландыру мақсатында ЭШФ құру, басып шығару, қарау және куәландыру құқықтарын өз жұмыскерлеріне бере алады.

Жоғарыда аталған құқықтар жұмыскерлерге ЭШФ АЖ-да электрондық нысанда жасалған сенімхаттың негізінде беріледі, сенімхатты ресімдеу үшін ЭШФ АЖ-да КО ЭЦҚ пайдалану туралы келісім жасасу қажет. Осыған байланысты заңды тұлғаның ЭШФ құру, басып шығару, қарау және куәландыру құқықтары берілетін қызметкерінің өз ЭЦҚ-сы арқылы ЭШФ АЖ-да жеке тұлға ретінде тіркеу рәсімінен өтуі қажет. Жеке тұлғаның тіркелу рәсімі заңды тұлғаның тіркелу рәсіміне ұқсас. Тіркелгеннен кейін жеке тұлғаны кәсіпорынның атынан шот-фактуралар жазып беруге уәкілетті етіп тағайындауға болады.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда (ЖМДҰ) қорлар қалай есепке алынатыны жайлы. Жалпы мәселелер

Валентина Проскурина, эксперт ЭС «ACTUALIS: Образование», ЭС «ACTUALIS: Главбух», Сертифицированный главный бухгалтер по МСФО

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдағы (бұдан әрі –ЖМДҰ) қорларға мыналар жатады:

  • азық-түлік;
  • дәрі-дәрмектер, иіссіздендіргіш құралдар,медициналық құралдар;
  • жуушы құралдар;
  • ойыншықтар мен ойын материалы;
  • әкімшілік мақсаттағы және оқу мақсаттарындағы кеңсе тауарлары;
  • төсек-орын жабдығы;
  • шаруашылық құрал-сайманы және құрал-жабдық;
  • келтірілген тізбеде көрсетілмеген басқа да қорлар.

Бұл материалда қорларды есепке алудың жалпы мәселелері қарастырылады, қорлардың аталған топтарының әрқайсысын есепке алу ерекшеліктері жеке мақалалардатүсіндіріледі. Жалғасы ...