November 9, 2018

Ресейде ЖК сатып алған медициналық препараттарды ҚҚС-дан босатуға бола ма?

Ольга Луценко, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», налоговый консультант ТОО "Налоговый консультант", г. Усть-Каменогорск

Жағдайдың сипаттамасы:

ЖК «А» ветеринариялық клиникасы жануарларды диагностикалау және емдеу қызметін көрсетеді. 2018 ж. маусымда ЖК ресейлік компаниядан ит обасына қарсы екпенің үлкен топтамасын сатып алуға шарт жасасты.

Сауалдар:

  1. Осы тауарды ҚҚС-дан босатуға бола ма?
  2. Егер босатуға болса, онда:

ЖК «А» бұл үшін қандай құжаттар алуы және беруі қажет?

Екпенің шыққан жері туралы сертификаттың болуы міндетті ме?

ЖК «А»-ның қандай міндеттемелері (мысалы, есептілік тапсыру бойынша) туындайды?

Осы шығындарды 320 және 328 нысандарында көрсеткен кезде ерекшеліктері бола ма?

Жауап:

Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың, мүгедектерге берілетін арнайы қозғалыс құралдарының, сурдотифлотехниканың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы зарттардың импорты кезінде ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар12-тармағындакөрсетілген барлық талаптар сақталады.

ЖК «А» сатып алған ит обасына қарсы екпе Еуразиялық экономикалық одақтың СЭҚ ТН-ның 3002 «Адам қаны, терапевтiк, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарға пайдалану үшiн дайындалған жануарлар қаны; иммундық сарысулар, өзге қан фракциялары және жетiлдiрiлген немесе жетiлдiрiлмеген иммундық өнiмдер, соның ішінде биотехнология әдістерімен алынғандары; вакциналар, токсиндер, микроорганизм дақылдары (ашытқылардан басқасы) және соған ұқсас өнiмдер» кодына жатады және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Өткізу бойынша айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын), медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, медициналық (ветеринарлық) техниканың, сурдотифлотехниканың, дәрілік субстанциялардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың, оның ішінде ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын), медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдар мен медициналық (ветеринарлық) техниканың тізбесіне» енгізілген.

Екпеге ҚҚС төлеуден босау үшін ЖК «А» жоғарыда аталған Қағидалардың 12-тармағының талаптарын орындауы қажет.

Екпе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (Ресей Федерациясының) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгендіктен, ЖК-нің 328 «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» (бұдан әрі – Өтініш) және 320 «Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация» (бұдан әрі – Декларация) салықтық есептілік нысандарын ұсыну міндеттемесі туындайды.

Атап өтер жайт, ҚР салық заңнамасында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша ҚҚС төлеуден босату көзделген жағдайда, Өтініштің «ҚҚС мөлшерлемесі» деген 18-бағанында «жеңілдік» сөзі қойылады, ал «ҚҚС сомасы» деген 20-бағанында «0» (нөл) қойылады.

320.00 нысанындағы декларацияда «ҚҚС-дан босатылған импорт» деген 10-жолда «Х» белгісін қойған жөн. «Тауарлардың импорты кезінде ҚҚС есептеу» бөлімінде 320.00.004 А1 жолында Салық кодексінің 399-бабына сәйкес салықтан босатылған айналым, Ресей Федерациясынан тауарлар импорты көрсетіледі. Одан бөлек, Декларацияның «ҚҚС-дан босатылған импорт» деген 1-қосымшасында 320.01.001D жолы толтырылуы тиіс.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда (ЖМДҰ) еңбек пен жалақы қалай есепке алынатыны жайлы

Валентина Проскурина, эксперт ЭС «ACTUALIS: Образование», ЭС «ACTUALIS: Главбух», Сертифицированный главный бухгалтер по МСФО

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру (бұдан әрі – МДТмБ) бойынша көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнында МДҰ қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығындарының үлес салмағы үлкен. Сондықтан алдымен еңбек пен жалақыны есепке алу ерекшеліктерін қарастырайық.

Жұмыс берушінің меншік нысаны қандай екеніне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастары ҚР Еңбек кодексінде реттелген.Осыған қарамастан, жеке меншік МДҰ мен мемлекеттік балабақшаларда еңбекті есепке алуда айырмашылықтар болуы мүмкін.

Жалғасы ...