October 30, 2018

Әрбір кассалық аппаратқа POS-терминал орнату міндетті ме?

Елена Симахина, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», Руководитель тематического направления по бухгалтерскому и налоговому учету цифрового издательства «МЦФЭР–Казахстан», Профессиональный бухгалтер РК, САР, г.Алматы

Мынадай параметрлерге ие кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылады:

- Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: кез келген (ЖШС, ЖК)

- Қызмет түрі: ҚРҮ-нің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген тізімге енгізілген

Салық салу режимі: ЖБР, қызметін астанада, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын кәсіпкерлерге арналған оңайлатылған декларация негізіндегі АСР.

Жағдайдың сипаттамасы:

Шағын бизнес субъектісі «А» ЖШС жеңіл өнеркәсіп тауарларының көтерме-бөлшек саудасымен айналысады. ЖШС заңды тұлғалармен негізінен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жұмыс істейді, алайда сауда орталығында кассалық аппараттармен жабдықталған бірнеше бөлшек сауда орны бар. Әдетте олар бойынша ай сайынғы айналым 70 000 теңгеден аз соманы құрайды, сондықтан банктер POS-терминалдар орнату туралы шарт жасасқысы келмейді.

Сауалдар:

ЖШС әрбір бөлшек сауда орнына POS-терминал орнатуға міндетті ме?

Міндетті болса, онда бұл міндетті орындамағаны үшін қандай санкциялар көзделген?

ЖШС-ның POS-терминалдар орнату міндеті қандай НҚА-мен реттеледі?

Жауап:

Кестеде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде (кейбір төменде көрсетілген шектеулерді ескере отырып), ақша қаражатын алатын әрбір орын POS-терминалмен немесе төлем картасымен жасалған төлемді қабылдауға арналған өзге де жабдықпен (құрылғымен) қамтылған болуы тиіс. Бұзушылық үшін жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 194-бабында көзделген.

Негіздеме

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысына сәйкес төменде көрсетілген тізбедегі қызмет түрлерін жүзеге асыратын ЖК мен ЗТ төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтарды (қондырғыларды) орнатуға және қолдануға, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті.

Бұл талап мыналарға қолданылады:

1) бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын ЖК мен ЗТ-ларға;

2) арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін астанада, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын ЖК мен ЗТ-ларға.

Бұл талап мыналарға қолданылмайды:

1) қызметін ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын ЖК мен ЗТ-ларға;

2) сауда операциялары, қолма-қол ақшаны пайдаланбай жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын ЖК мен ЗТ-ларға.

Аталған Қаулыда қолма-қол ақша қабылдаудың қандай да бір төменгі ай сайынғы шегі көрсетілмеген. Бұл ретте қолма-қол ақша қаражатын қабылдаған кезде картамен төлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілген.

Сонымен, кестеде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде ақша қаражатын алатын әрбір орын POS-терминалмен немесе төлем картасымен жасалған төлемді қабылдауға арналған өзге де жабдықпен (құрылғымен) қамтылған болуы тиіс.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V кодексінің 194-бабына сәйкесҚазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға мiндеттi жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы ескерту жасауға алып келеді.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет:

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК,

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК,

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Пайдаланылған қысқартулар:

ЖК – жеке кәсіпкерлер

ЗТ – заңды тұлғалар

АЕК – айлық есептік көрсеткіш

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Білім беру бөлімі сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік балабақшаны көмірмен қамтамасыз етуге міндетті ме?

Мынадай параметрлерге ие кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылады:

- Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: МКҚК, ШЖҚ бар МКК

- Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру мекемелері

Жағдайдың сипаттамасы:

«А» балабақшасы МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны) тендер жеңімпазына кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Сенімгерлік басқару туралы шарт 5 жылға жасалған. Сенімгер басқарушы білім беру бөлімі шарт қолданылатын кезеңде балабақшаны бюджет қаражаты есебінен көмірмен қамтамасыз етуге міндетті деп санайды.

Жалғасы ...