Еңбек демалысы кезеңінде 2 мерекелік күннің түскеніне байланысты ұзартылған екі демалыс күн үшін жұмыс беруші жұмыскерге ақы төлеуге тиіс пе?
Надежда Маликова, эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», директор юридического департамента ТОО «FactorOfTime», г. Алматы
Сұрақ: Жұмыскер, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының қалған бөлігін 1-ші наурыз бен 11-ші наурыз аралығында пайдаланды. Бұл уақыт аралығына 2 мерекелік күн сәйкес келді – 7 және 8 наурыз (дүйсенбі және сейсенбі). Сонымен қатар 5 наурыз (сенбі) алдағы уақыттағы мерекелермен байланысты жұмыс күні деп ресми түрде жарияланған. Жұмыскер оның еңбек демалысын мереке күндерінің санына ұзарту туралы басшылыққа өтініш жасады. Бірақ, кадр бөлімінде оған, бұл жағдайда демалыс, мереке күндерін ескере отырып, еңбек демалысынан кейінгі, сенбі және жексенбіге түсетін (12, 13 наурыз – жұмыс емес күндері) 2 күнге ұзартылатынын айтты. Нәтижесінде жұмыскердің еңбек демалысы нақты 11 наурыз күні аяқталды. Еңбек демалысының ұзартылған екі күні төленбеді. Кадр бөлімінің іс-әрекеттері заңды ма?
Жауабы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" № 267-ІІ заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мереке күні тек бір күн ғана болып табылады – 8 наурыз. 7 наурызды Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күні деп жариялады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 90-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. Яғни, егер еңбек демалысының кезеңі мереке күндеріне түссе, олар еңбек демалысының ұзақтығына қосылмайды, ал оның аяқталуы мереке күндерінің санына ұзартылады. Демалыс күндеріне бұл қағидалар қатысты емес.
Жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақы жасау үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген, Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында көзделген (бұдан әрі – Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары).
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының 7-тармағына сәйкес, қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.
Осылайша: жұмыскердің құқығы бұзылған жоқ, өйткені еңбек демалысына төлемақы төлеу үшін, еңбек демалысының кезеңіне келетін, тек жұмыс күндері пайдаланылады.
2018 ж. 17 қазанда статистикалық есептіліктерді ұсыну мерзімі аяқталады