Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымда (ЖМДҰ) дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы құралдар қалай есепке алынатыны жайлы

by @mcfr
Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымда (ЖМДҰ) дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы құралдар қалай есепке алынатыны жайлы

Валентина Проскурина, эксперт ЭС «ACTUALIS: Образование», ЭС «ACTUALIS: Главбух», Сертифицированный главный бухгалтер по МСФО

Қолданыстағы Мектепке дейінгі ұйымдағы санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес медициналық препараттардың, таңу құралдарының және медициналық мақсаттағы заттардың белгілі бір жинағы болуы тиіс.

Медициналықпрепараттар міндетті түрде сақтау мерзімдеріне сәйкес пайдаланылуы тиіс. Алайда бухгалтерлік есепте медициналық препараттарды есепке алу бұл көрсеткішті есепке алмастан жүргізіледі. Жарамдылық мерзімдері бойынша медициналық препараттарды есепке алу жауапкершілігі толықтай ЖМДҰ-ның медициналық жұмыскеріне жүктеледі. Сондай-ақ медициналық жұмыскергеқандай да бір медициналық препараттарды (тоңазытқышта немесе онсыз) дұрыс сақтау талаптарын қамтамасыз ету жауапкершілігі де жүктеледі.

Бухгалтерлік есепте ыңғайлы болуы үшін тізбектеме анықтамалығында «Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы құралдар» жеке тобын, ал топтың ішінде «Дәрі-дәрмектер», «Таңу құралдары», «Медициналық мақсаттағы заттар» және т. с. с. кіші топтарды құруға болады. Тізбектемеанықтамалығында топтар мен кіші топтар құру кіріске алған немесе есептен шығарған кезде қажетті тізбектеме бірлігін тез табуға көмектеседі.

ЖМДҰ-ға дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы заттардың келіп түсуі

Шаруашылық меңгерушісі (немесе дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы заттарсатып алуға уәкілетті тұлға) сатушының сатылған тауарға беретін құжаттарының бұрын сипатталған талаптарға сәйкес келуін қадағалайды.

Мейірбике медициналық кабинетке сатып алынғандәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы заттарды толық түсуі мен жарамдылық мерзімдерін бақылай отырып қабылдайды жәнеөзінің есепке алу журналына жазып алады. Мейірбикенің дәрі-дәрмектерді есепке алуы бағасын көрсетпестен физикалық өлшеуіштерде ғана жүргізіледі.

Бухгалтеркіріс құжаттарының негізінде ЖМДҰ-ның бухгалтерлік есебінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы заттар кірісініңсаны мен сомасын көрсетеді. Келіп түскен қорлардың бағалары оларды сатып алуға арналған құжаттарда көрсетілген бағаларға сәйкес алынады. Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы заттардың түсуіне арналған кіріс жүкқұжаты қағаз жеткізгішке 3 данада шығарылады, олардың біреуі азық-түлік сатып алған есеп беретін адамның аванстық есебіне,екіншісіесепті айдағы материалдық ведомость кіріс құжаттарына қоса тіркеледі және үшіншісі мейірбикеге құжаттамаға беріледі.

ЖМДҰ-ғы дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы заттар шығысы мен есептен шығарылуы

Мейірбикебір айдың ішінде жұмсалған медициналық препараттар мен медициналық мақсаттағы заттарды өзінің құжаттамасында есепке алады. Ай соңында ол қорларды есептен шығаруға арналған акт жасайды, оны ЖМДҰ-ның бірінші басшысына бекіттіріп, қорларды есептен шығаруды және оларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбие бойынша орындалған қызметтердің өзіндік құнына жатқызуды ресімдеу үшін бухгалтерияға өткізеді.

Мейірбике ұзақ сақталуы себебінен мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектердің болмауын қадағалайды. Мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер анықталған жағдайда, олар жеке есептен шығару актісі бойынша есептен шығарылады. Мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектердіесептен шығару шығыстары салық салынатын кірісті айқындаған кезде шегерімге жатқызылмайтын, кезеңнің ағымдағы шығыстарына жатқызылады (егер жалпыға бірдей белгіленген салық салурежимі қолданылса).

Бухгалтербірінші басшы бекіткен, жасалған Дәрі-дәрмектерді есептен шығару актілерінің негізінде есепті айда мектепке дейінгі білім беру және тәрбие бойынша қызмет көрсету шығыстарына қорларды есептен шығару жөнінде 1С:БУХГАЛТЕРИЯ жүйесінде құжат жасайды. Құжат қағаз жеткізгішке шығарыладыжәне Есептен шығару актілерімен бірге іске тігіледі.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Жарғылық капиталды ұлғайту рәсімі қандай?

Дмитрий Тараскин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», директор юридического и финансового департамента юридической компании «LEGIST COMPANY», г. Алматы

Жағдайдың сипаттамасы:

ҚР резиденті «А» ЖШС тамақ өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасымен айналысады. ЖШС құрылтайшыларының бірі 2018 жылғы маусымда кәсіпорын кассасына жарғылық капиталды толықтыруға арналған соманы салды. Құрылтайшы жарғылық капиталдың ұлғайтылғаны туралы хабарлама жасаған жоқ.

Сауалдар:

Жарғылық капиталды толықтыру рәсімін сақтамаудан ЖШС-да немесе құрылтайшыда қандай мәселелер туындауы мүмкін?

Кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайту қалай дұрыс жүргізілуі тиіс?

Жауап: жалғасы ...

November 6, 2018
by @mcfr