ЖК-ні жабу үшін не істеу керек?
Дмитрий Тараскин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», директор юридического и финансового департамента юридической компании «LEGIST COMPANY», г. Алматы
Жағдайдың сипаттамасы:
Шағын бизнес субъектісі, ҚҚС төлеуші ЖК «А» азық-түліктің көтерме саудасымен айналысады, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейді. 2018 жылғы тамызда ЖК қызметін тоқтатып, ЖК-ні жабу туралы шешім қабылдады. Шешім оның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында өзі күткеннен аз кіріс алғанына байланысты қабылданды. 2018 жылдың екінші жартыжылдығында және 2019 жылы кірістің өсу ықтималдығы өте төмен.
Сауал:
ЖК-ні жабу үшін қандай рәсімдерді және қандай мерзімде орындау қажет?
Жауап:
2-тармаққа ескертпе
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР 2017 жылғы 25 желтоқсандағы 120-VI Кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 65-бабына сәйкес:
1. Жеке кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салықтық есептілігін ұсынады.
2. Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын жеке кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірмей жүргізіледі.
3. Қызметі тоқтатылатын жеке кәсіпкер таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.
4. Салықтық тексеру қызметі тоқтатылатын жеке кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тиіс.
5. Қызметі тоқтатылатын жеке кәсіпкердің салықтық берешегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен оның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен өтеледі.
6. Егер қызметі тоқтатылатын жеке кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар қызметі тоқтатылатын жеке кәсіпкердің салықтық берешегін өтеу есебіне ҚР СК-нің 102-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуы тиіс.
Егер қызметі тоқтатылатын жеке кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар ҚР СК-нің 103-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуы тиіс.
7. Қызметі тоқтатылатын жеке кәсіпкерде салықтық берешек болмаған кезде:
1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары ҚР СК-нің 103-бабында айқындалған тәртіппен осы жеке кәсіпкерге қайтарылуы тиіс;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары ҚР СК-нің 101-бабында айқындалған тәртіппен осы жеке кәсіпкерге қайтарылуы тиіс;
3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 106-бабында айқындалған тәртіппен осы жеке кәсіпкерге қайтарылуы тиіс;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы жеке кәсіпкерге қайтарылуы тиіс.
8. Қызметі тоқтатылған жеке кәсіпкердің салықтық міндеттемесі салықтық тексеру аяқталғаннан кейін және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешек болмаған немесе олар ҚР СК-нің 115-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде (тапсырылған салықтық хабарлама орындалғанда) орындалды деп есептеледі.
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күн жеке кәсіпкерді салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
10. Салық органы осы баптың 8-тармағына сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жеке кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
11. ҚР СК-нің 115-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
ҚР СК-нің 369-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес ҚҚС есепке жатқызылатын ҚҚС ретінде есепке алынған және ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебінен: ҚҚС бойынша таратудың салықтық есептілігі ұсыныла отырып шығарылған кезде – осындай есептілік ұсынылған күннің алдындағы күнге оған меншік құқығымен тиесілі болатын тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.
3-тармаққа ескертпе
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының 28-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сай жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы ақпаратты босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, бiлiктiлiгiн және еңбегіне ақы төлеу мөлшерiн және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдерді көрсете отырып, жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы толық көлемде беру.
5-тармаққа ескертпе
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4, 5-тарауларына сәйкес аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:
1) фискалдық есепті алады;
2) камералдық бақылау жасайды және қолма-қол ақша есебi кiтабының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен және тауар чектерi кiтабының деректерімен салыстырып тексеру жүргізеді;
3) қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;
4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусынан мемлекеттік кірістер органының пломбасын алып тастауды жүргiзедi;
5) салық төлеушіге:
- бақылау-касса машинасын;
- қолма-қол ақша есебiнің кiтабы мен тауар чектерi кiтабын;
- бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:
1) фискалдық есепті алады;
2) тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;
3) салық төлеушіге:
- бақылау-касса машинасын;
- тауар чектерi кiтабын;
- бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
Фискалдық есептерді мемлекеттік кірістер органдары мынадай:
1) салықтық тексерулер жүргізілген;
2) фискалдық жадының блогын ауыстырған;
3) бақылау-касса машинасы есептен шығарылған;
4) фискалды жадыға кіру паролін енгізуді талап ететін бақылау-касса машинасын жөндеу жүзеге асырылған;
5) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы толығымен толтырылған;
6) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы жоғалған (бүлінген) жағдайларда алады.
Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, фискалдық есепті алу үшін мемлекеттік кірістер органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:
1) нөмірленген, тігілген, мемлекеттік кірістер органының басшысы өз қолымен және мөрімен растаған қолма-қол ақша есебiнің және тауар чектерiнің кiтаптары;
2) соңғы фискалдық есеп алынған күннен бастап ауысымдық есептер табыс етіледі.
Фискалдық есепті алу кезінде деректері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілуі тиіс, Қағидалардың 1-қосымшасына сай нысандағы фискалдық есепті алу актісі жасалады.
6-тармаққа ескертпе
Рәсімдер толық жүргізілгеннен кейін, кеден, салық және өзге де қызметтердің, сондай-ақ кредиторлардың алдында борыштар мен міндеттемелер болмаған кезде мөрді жою қажет.
Мынадай құжаттарды ұсынады:
1. ЖК-ні тіркеу туралы анықтама немесе куәлік.
2. Салық органына ЖК-ні жабу туралы өтініштің көшірмесі.
3. Уәкілетті тұлғаның сенімхаты.
4. Уәкілетті тұлғаның жеке куәлігі.
5. Салық органынан анықтама.
7. Қажет болған кезде кеден органынан анықтама.
Тауарды ішінара қайтарған кезде сатушы қандай ЭШФ жазып беруі керек?
2018 ж. 22 қазанда статистикалық есептіліктерді ұсыну мерзімі аяқталады
Жұмысты және қызметкерлерді @EgovKzBot қосымшасында іздеуге болады
Бір жылдан астам мерзімге жалға алынған объектілердің бухгалтерлік есепте көрсетілуін тексеріңіз