Негізгі қызмет түрін тоқтатқан кезде ЖШС не істеуі керек?
Алия Карибаева, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», юрисконсульт ТОО «МКА-Инвест», г.Алматы
Жағдайдың сипаттамасы:
Шағын бизнес субъектісі «А» ЖШС жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейді, негізгі қызмет түрі – «Кофе, шай, какао және татымдықтарды көтерме саудада сату», ЭҚЖЖ коды – 4637; қосымша қызмет түрі – «Жеке меншік немесе жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару», ЭҚЖЖ коды – 6820. 2018 жылғы тамызда ЖШС-ның иесі және жалғыз құрылтайшысы 2018 жылғы қыргүйектен бастап көтерме сауда қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Сауал:
Бұл жағдайда қандай рәсімдерді және қандай мерзімде орындау қажет?
Жауап:
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сай ЭҚЖЖ кодын өзгерту мемлекеттік статистика органына жолданатын хабарлама (өтініш) арқылы жүргізіледі.
Қағидалардың 23-тармағына сәйкес респонденттер негізгі немесе қосалқы экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде немесе қызметкерлер саны өзгерген жағдайда бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес немесе «Респондент кабинеті» арқылы Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып хабардар етеді.
Аумақтық статистика органдары түскен хабарламаларды қарайды және үш жұмыс күні ішінде экономикалық қызметтің негізгі, қосалқы түрлерін, статистикалық тіркелімдердегі респонденттер бойынша қызметкерлер санын өзгерту туралы шешім қабылдайды.
Хабарламаны қарау нәтижесі хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға (мекенжайларға) жіберіледі.