October 3, 2018

Оң бағамдық айырмаға ҚҚС салына ма?

Елена Симахина, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», Руководитель тематического направления по бухгалтерскому и налоговому учету цифрового издательства «МЦФЭР–Казахстан», Профессиональный бухгалтер РК, САР, г.Алматы

Жағдайдың сипаттамасы:

Шағын бизнес субъектісі, ҚҚС төлеуші ЖК «А» жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейді, электр жабдығын көтерме-бөлшек саудада сатумен айналысады. 2018 жылғы сәуірде ЖК Германиядан 1 евроға 400,86 теңге бағамы бойынша 20 000 евро сомасында жабдық алды. Ақысы мамыр айында, бағам 1 евроға 382,2 теңгені құраған кезде төленді. Нәтижесінде 373 200 теңге сомасындакредиторлық берешек бойынша оң бағамдық айырма пайда болды.

Сауалдар:

1. Оң бағамдық айырмаға ҚҚС салына ма?

2. 300.00 нысанындағы ҚҚС бойынша декларацияда бағамдық айырмадан түскен кірісті көрсету керек пе?

Жауап:

Салық кодексінің 369-бабының 1-тармағына сәйкес мыналар салық салынатын айналым болып табылады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым;

2) Салық кодексінің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі айналым;

3) салық төлеуші қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС)бойынша тіркеу есебіненшығарылған кезде тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.

Салық кодексінің 372-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды өткізу бойынша айналым:

1) тауарға меншік құқығын беруді;

2) тауар экспортын;

3) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу талаптарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып тиеп-жөнелтуді;

4) лизинг нысанасы берілген құн бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беруді;

5) тауарды комиссия шарты немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;

6) бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыруды;

7) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, ҚҚС-сыз сатып алынған тауарды жоғалтуды білдіреді.

Салық кодексінің 372-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызметтер көрсетуді, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті білдіреді.

Бұл анықтамалардан көріп отырғанымыздай, оңбағамдық айырмадан түскен кірісҚҚС бойынша салық салынатын айналым анықтамасына сәйкес келмейді.

ҚҚС бойынша декларация толтыру жөніндегі қағидалардың 15-тармағына сәйкес «ҚҚС-ны есепке жазу» бөлімінде салық төлеушінің барлық кірістері емес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын және босатылған айналымдар көрсетілген.

Сонымен,оң бағамдық айырмаға ҚҚС салынбайды және 300.00 нысанындағы ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілмейді.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».