September 10, 2018

Заңды тұлға құруға байланысты қандай салықтық міндеттемелер туындайды?

Рабиям Серикбаева, Эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», генеральный директор ТОО «ФИНЭКС», аудитор РК, Профессиональный бухгалтер РК

Жағдайдың сипаттамасы:

2018 жылы «А» ЖШС тіркелді. Оның құрылтайшысы – «Б» ЖШС. «Б» ЖШС бухгалтері «А» ЖШС-ның жарғылық капиталын құру үшін «А» ЖШС-ның есеп шотына ақша салуы қажет.

Сауал:

«А» ЖШС-ның құрылуына байланысты «Б» ЖШС-ның қандай салықтық міндеттемелері туындайды?

«Б» ЖШС «А» ЖШС-дан дивиденд түрінде кіріс алған жағдайда қандай салықтық міндеттемелер туындайды?

Жауап:

Еншілес ұйым құру – «Б» ЖШС үшін инвестиция және «А» ЖШС-ның жарғылық капиталын төлеу үшін ақша қаражатын салған кезде оған салық салынбауы тиіс.

Алдағы уақытта «Б» ЖШС «А» ЖШС-дан дивиденд түрінде кіріс алған жағдайда, егер «А» ЖШС ҚР Салық кодексінің 241-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келсе, атап айтқанда, егер «А» ЖШС:

1) тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қоры;

2) тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қоры;

3) КТС-ны 100 %-ға азайтатын заңды тұлға болса, КТС төлеу міндеттемесі туындауы мүмкін. Мұндай заңды тұлғаларға мыналар жатады:

3.1. Мынадай әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:

- медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек түрінде қызметтер көрсетуі;

- білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсету;

- ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде өткізуін қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету салаларындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет.

3.2. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейтін және тауарлармен электрондық саудаға қатысушылар ретінде ретінде тіркелген ұйымдар.

3.3. Белгілі бір талаптар сақталған кезде мүгедектер жұмыс істейтін ұйымдар.

Мұндай жағдайда «А» ЖШС-дан дивидендтер түрінде алынған кірістер Салық кодексінің 226-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына сәйкес «Б» ЖШС-ның жылдық жиынтық кірісіне қосылуы тиіс және түзетілмейді (азайтылмайды).

Егер еншілес «А» ЖШС жоғарыда аталған субъектілерге жатпаса, онда еншілес «А» ЖШС дивидендтер төлеген кезде негізгі «Б» ЖШС-да салық салынатын кіріс пайда болмайды, өйткені мұндай жағдайда ҚР Салық кодексінің 241-бабының 1-тармағына сай жылдық жиынтық кіріс дивидендтер сомасына түзетіледі (азайтылады).

Ескертпе. Салық кодексінің 302-бабының 2-тармағына сай бюджетке төленуі тиіс КТС сомасы дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған КТС-ны төлем көзі ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, осы салықтың сомасына азайтылады.

Егер «А» ЖШС салықты дивидендтер сомасын аударған кезде төлем көзінен ұстаса (Салық кодексінің 307-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы), онда «Б» ЖШС үшін жылдық қорытындылар бойынша есепке жазылған КТС сомасы өзгермейді.

«Заңды тұлға құруға байланысты қандай салықтық міндеттемелер туындайды?». Серикбаева Р.Н.

Подробнее на© Материал из ЭС «ACTUALIS: Главбух».