October 26, 2018

Қызметкерлердің шетелдік мейманханаларда тұру шығыстарына төлем көзінен КТС мен бейрезидент үшін ҚҚС салына ма?

Андрей Гридин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный налоговый консультант ТОО Налоговое агентство «Партнер», г. Петропавловск

Мынадай параметрлерге ие кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылады:

- Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: кез келген (ЖШС, ЖК)

- Қызмет түрі: кез келген

- ҚҚС-ға қатысы: ҚҚС төлеуші

- Салық салу режимі: кез келген

Жағдайдың сипаттамасы:

ҚР резиденті, орта бизнес субъектісі, ҚҚС төлеуші «А» ЖШС жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейді. Қызметтік қажеттілікке байланысты «А» қызметкерлері Бішкекке және Ташкентке іссапарларға жиі ұшады. «А» қызметкерлер тоқтайтын мейманханалармен шарттар жасасты және қызметкерлердің тұру ақысын тікелей мейманханаларға (бейрезиденттерге) төлейді.

Сауалдар:

1. Шетелдік мейманханаларға жасалатын төлемдерден төлем көзінен КТС-ны ұстап қалған жөн бе?

2. Шетелдік мейманханаларға жасалатын төлемдерден бейрезидент үшін ҚҚС-ны ұстап қалған жөн бе?

Жауап:

Компанияның төлем көзінен КТС ұстау, 101.04 нысанын беру және бейрезидент үшін ҚҚС төлеу міндеттемелері туындамайды.

Негіздеме

Салық кодексінің 645-бабы 9-тармағының 11-тармақшасына сай Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістерге төлем көзінен КТС салынбайды.

Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері деп танылады.

Жоғарыда жазылғанның негізінде қарастырылып отырған жағдайда ЖШС-ның төлем көзінен КТС есептеу және/немесе төлеу, сондай-ақ 101.04 нысанындағы есеп-қисапты ұсыну міндеттемелері туындамайды, өйткені ЖШС бейрезидентке Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде көрсетілетін тұру бойынша қызметтер үшін төлем жасайды.

Салық кодексінің 373-бабының 1-тармағына сай егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді ҚҚС төлеуші сатып алған кезде олар Салық кодексіне сәйкес ҚҚС салынуы тиіс, ҚҚС-ны осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.

Салық кодексінің 378-бабы 2-тармағының 5-тармақшасына сай ҚҚС есептеу мақсаттары үшін, егер осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) , 2)3) және 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын тұлға орындаса немесе көрсетсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

Сонымен, қарастырылып отырған жағдайдаСалық кодексінің 378-бабы 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында тұру бойынша қызметтер аталмағанын, ал мейманханалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде екенін (мейманханалардың иелері кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырмайды) ескерсек, ЖШС-ның бейрезидент үшін ҚҚС есептеу және/немесе төлеу міндеттемелері туындамайды.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


Қазақстан аумағынан тыс жерде көрсетілген бейрезиденттердің қызметтері үшін қандай салықтар төлеген жөн?

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 877 бұйрығымен енгізілетін жаңа шоттар

2018 ж. 31 қазанда статистикалық есептіліктерді ұсыну мерзімі аяқталады

Өзіңізді 1-СР нысаны бойынша тізбеге енген кәсіпорындар тізімінен тексеріңіз