September 13, 2018

МЕБМ (мемлекеттік емес білім беру мекемесі) үлгісіндегі жеке меншік балабақшаны тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Алия Карибаева, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», юрисконсульт ТОО «МКА-Инвест», г.Алматы


Мәселенің сипаттамасы:

Педагогикалық білімі бар және мемлекеттік балабақшада жұмыс істеу тәжірибесі бар ҚР үш азаматы 2018 ж. маусымда МЕБМ (мемлекеттік емес білім беру мекемесі) үлгісіндегі жеке меншік балабақша ашу туралы шешім қабылдады.

Сауал:

Осы субъектіні тіркеу үшін қандай құжаттарды дайындау қажет?

Жауап:

Мемлекеттік емес білім беру мекемесін ашу және құру рәсімі «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі.

Заңның 8-бабына сай меншiк нысанына байланысты мекемелер мемлекеттiк және жеке меншiк мекемелер болып бөлiнедi.

Өз кезегінде Заңның 10-бабында басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттiк құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке меншiк мекеме деп танылатыны жазылған. Жеке меншiк мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiледi. Жеке меншiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда жеке меншік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңның 19-бабына сай коммерциялық емес ұйым оны қалыптастыру арқылы, сондай-ақ бұрын бар коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымды (қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қоспағанда), оны қалыптастыру арқылы құру құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Заңды тұлға ретiнде коммерциялық емес ұйымның құқық қабiлеттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелуден өткен кезден бастап туындайды. Коммерциялық емес ұйымның айналысуға лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензияны алған кезден бастап туындайды.

Мекеменің құрылтай құжаттары меншiк иесi (меншiк иелерi) бекiткен ереже (жарғы) және меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) құру туралы шешiмi болып табылады. Егер мекемені екі және одан көп адам құрса, құрылтай шарты жасалады.

Мекеме бұрын бар коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған жағдайда, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заңының (бұдан әрі – Тіркеу туралы заң6-3 тармағына сай қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;

3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;

4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;

5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.

Тіркеу туралы заңның 6-бабына сай заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі және осы Заңның 7-бабындакөрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.

Тіркеу туралы заңның 7-бабына сай Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде әрекет ете алады.

Подробнее на © Материал из ЭС «ACTUALIS: Главбух».