October 2, 2018

Қызметтерді интернет арқылы өткізетін компанияның ТЭС қатысушысы ретінде тіркелуі

Олжас Алдамуратов, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», главный специалист Управления разъяснительной работы ДГД по г.Алматы

Жағдайдың сипаттамасы:

Компания интернет арқылы қызметтер өткізеді, ал оны қол күшімен көрсетеді (клинингтік қызметтер, жөндеу және т.б.).

Сауал:

Осы жағдайда істі ТЭС-ке тіркеуге бола ма?

Жауап:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120- VI кодексі 88-бабының 1-тармағы 10) тармақшасында(бұдан әрі – Салық кодексі) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн (бұдан әрі – ЖҚТ) жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жататыны белгіленген.

Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

- тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

- тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

- тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Бұл ретте салық салу мақсатындағы тауарлармен электронды сауда қызметі ретінде өз жеткізу қызметі, не тауарларды жеткізу қызметтерін жүзеге асыратын компаниямен шарты бар, ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілетін, мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылған кезде тауарларды жеке тұлғаларға интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы өткізу қызметі танылады.

Тауарлармен электронды сауда қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерді тіркеу есебінің осы қағидалары қызметтерді интернет-ресурстар арқылы өткізу қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».