Айырбастау пунктінде есепке алу
Рабиям Серикбаева, Эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», генеральный директор ТОО «ФИНЭКС», аудитор РК, Профессиональный бухгалтер РК
1. Кіріспе
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды өздеріне берілген лицензияға сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдары бойынша және уәкілетті ұйымдар берген құқыққа сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер жүзеге асырады.
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы №57-III Заңның 1-бабының 13-тармақшасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар ретінде айқындалған уәкілетті ұйымдар ұғымы белгіленген. Ал жоғарыда аталған баптың 1-тармақшасында айырбастау пункттері ұғымының мағынасы ашылған: қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) уәкілетті ұйымдарды құру және лицензиялау тәртібі, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптар регламенттелген. Мысалы, Қағидалардың 3-тармағында уәкілетті ұйым қызметінің ерекше түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ұйымдық-құқықтық нысанында ғана құрылады деп белгіленген.
Қағидалардың 6-тармағында уәкілетті ұйымның жарғылық капиталының ең аз мөлшері бекітілген, ол:
1) Астана және Алматы қалаларында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 30 000 000 (отыз миллион) Қазақстан теңгесін;
2) облыстардың әкімшілік орталықтарында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 20 000 000 (жиырма миллион) Қазақстан теңгесін;
3) өзге жерде орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 10 000 000 (он миллион) Қазақстан теңгесін құрайды.
2. Бухгалтерлік есепке алу
Қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын ұйымдарда бухгалтерлік есепке алу жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында уәкілетті ұйымдарда бухгалтерлік есепке алуды нормативтік реттеу жүйесін төрт деңгейге бөлуге болады:
Уәкілетті органдарда бухгалтерлік есепке алу «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» ҚР 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына және ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі, бұған кейбір ерекше шаруашылық операциялары қосылмайды, оларды есепке алу тәртібі ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) 6-тарауында көрсетілген.
Мұндай ерекше операцияларға:
- шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операциялар;
- шетел валютасын қайта бағалау жөніндегі операциялар жатады.
Уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды басшының (немесе соған уәкілеттік берілген тұлғаның) өкімінде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына сәйкес жүргізеді, ал бухгалтерлік есепке алуда олар операция жүргізілген күнгі нарықтық бағам бойынша көрсетіледі. Туындайтын айырма шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кіріс немесе шығыс деп танылады.
Бухгалтерлік есепке алуда шетел валютасы нарықтық бағамы бойынша есепке алынатындықтан, нарықтық бағам өзгерген кезде айырбастау пунктінің кассасында бар шетел валютасын қайта бағалау қажет.
Түсіндірме
Валюталардың нарықтық бағамы «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына сай айқындалады.
Валюталардың күнделікті нарықтық бағамдарын ҚР ҰБ сайтынан табуға болады.
3. Салықтық есепке алу
2018 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі (бұдан әрі – ҚР СК) қолданысқа енгізілді, онда уәкілетті ұйымдар үшін салық салуда елеулі өзгерістер енгізілді. Мысалы, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СК-нің 544-бабының негізінде уәкілетті ұйымдар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.
ҚР СК-нің 545-бабында тіркелген салықты есептеу объектісі болып уәкілетті ұйымның айырбастау пункті белгіленген, ал ҚР СК-нің 546-бабында айына мынадай базалық мөлшерлемелер бекітілген:
Бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде жергілікті өкілді органдар бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілейді.
Тіркелген салық мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізуді салық органы ұсынған хронометраждық зерттеу деректерінің негізінде жергілікті өкілді органдар жүргізеді.
Жергілікті өкілді органдар белгілеген тіркелген салық мөлшерлемелері болмаған жағдайда, салықты есептеу кезінде тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшерлері қолданылады.
Күнтізбелік тоқсан тіркелген салық үшін салықтық кезең болып табылады. Тіркелген салық бойынша декларация (710.00 нысаны) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне алынған жердегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырылады.
ҚР СК-нің 545-бабына сай тіркелген салық салу объектісі уәкілетті ұйымның айырбастау пункті болып табылатынына байланысты қызметі болмаған кезде де салық төлеуші тіркелген салықты толық көлемде төлеп отыруға міндетті. Бұл ретте ҚР СК-нің 213-бабы 7-тармағының 2-тармақшасына сай тіркелген салық төлеушінің қызметті тоқтата тұруға байланысты салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға құқығы жоқ.
ҚР СК-нің 355-бабының 1-тармағының негізінде есепті тоқсанда қызметі жүргізілгеніне немесе жүргізілмегеніне қарамастан, тіркелген салық төлеушілер жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады.
Сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік балабақшаның директорын ауыстыруға бола ма?
Дмитрий Тараскин, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», директор юридического и финансового департамента юридической компании «LEGIST COMPANY», г. Алматы
Мынадай параметрлерге ие кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылады:
- Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: МКҚК, ШЖҚ бар МКК
- Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру мекемелері
Жағдайдың сипаттамасы:
«А» балабақшасы МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны) тендер жеңімпазына кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Сенімгерлік басқару туралы шарт 5 жылға жасалған. Сенімгер басқарушы балабақша директоры N-ны ауыстырғысы келеді. Оның орнына балабақша директоры лауазымына қойылатын барлық талаптарға жауап бермейтін азамат М-ны тағайындау жоспарланып отыр.