ЕЭО елдерінен тауар импорттаған кезде ҚҚС-ны қандай мерзімде төлеп, есептілікті қалай тапсырған жөн?
Татьяна Черкасова, эксперт ЭС «ACTUALIS: Главбух», член Палаты налоговых консультантов РК, налоговый консультант ТОО «FMC», г. Алматы
1.Импортбойынша ҚҚС төлеу мерзімі қалай анықталатыны жайлы.
2. Қандай есептілік және қандай мерзімде тапсыру қажеттігі жайлы.
3. Импорт кезінде ҚҚС бойынша есептілік тапсыру ерекшеліктері.
1.Импорт бойынша ҚҚС төлеу мерзімі қалай анықталатыны жайлы
Салықтық кезең
ҚР Салық кодексінің 437-бабының 1-тармағыныңнегізінде ЕЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС алуды салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, Салық кодексінің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме (12 %) бойынша жүзеге асырады.Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
Салық кодексінің 456-бабының 6-тармағына сай тауарларды ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде ҚҚС есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай болып табылады. Бұл ретте салықтық міндеттемені салықтық кезең ішінде мерзімінен бұрын орындауға жол беріледі.
Ақы төлеу мерзімдері
Салық кодексінің 456-бабының 5-тармағына сәйкесимпортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салықтық кезеңнен (импортталатын тауарлар есепке қабылданған күнтізбелік айдан) кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуі тиіс.
Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда импортталған тауарлар бойынша ҚҚС шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Есепке қабылдау күні
Салық кодексінің 442-бабының 2-тармағына сай ЕЭО-ға мүше мемлекеттерден ҚР аумағына импорттау кезінде айналым жасалған күнді анықтау мақсаттары үшiн:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және ҚР бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепте тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;
2) мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушіде 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Артық төлемді есепке жатқызу
Импорт кезінде төленген ҚҚС салық төлеушініңҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығыменбекітілген «Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сай ашылған жеке шотында есепке алынады. Мұндай шотты ашуға салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдарында есепке алыну деректері негіз болады.
Қағидалардың 14-тармағына сәйкес кедендік салықтардың (импортқа ҚҚС)артық төленген сомасы кедендік төлемдер, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болмаған жағдайда, төлеушінің өтініші бойынша, салықтық өтініште төлеуші көрсеткен алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуы тиіс.«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 78-бабының 1-тармағынажәне Қағидалардың 26–28-тармақтарына сай алдағы төленетін кедендік баждарды, кедендік алымдарды, кедендік салықтарды төлеу шотына енгізілген және төлеуші нақты тауарларға қатысты нақты түрлері мен сомалары бойынша сәйкестендірмеген ақша кедендік салықтар үшін аванстық төлемдер деп танылады.
Демек,төлеушінің жеке шотында импорт бойынша ҚҚС-ның артық төленген сомасы немесе ҚҚС бойынша аванстық төлемдер сомасы болған кезде бұл сомалар импорт бойынша ҚҚС-ны төлеу шотына міндетті түрде есепке жатқызылуы тиіс.
2. Қандай есептілік және қандай мерзімде тапсыру қажеттігі жайлы
Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағыныңнегізінде ЕЭО-ға мүше мемлекеттердiң аумағынан ҚР аумағына тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны (320.00 СЕН) салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмейқағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысандаұсынуға міндетті.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда (328.00 СЕН) ұсынады.Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нысаны (бұйрықтың 26-қосымшасы), оны толтыру және ұсыну қағидалары (27-қосымша) ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекiтілген.
Салық кодексінің 456-бабының 7-тармағына сай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация Салық кодексінің 209-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органдарына ұсынылмаған болып есептеледі. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш осы Кодекстің 209-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация ұсынылмаған жағдайда салық органдарына ұсынылмаған болып есептеледі.
3. Импорт кезінде ҚҚС бойынша есептілік тапсыру ерекшеліктері
Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкессалық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны (320.00 СЕН) қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда ұсынуға міндетті. Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) (328.00 СЕН)қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда ұсынады.
320.00 және 328.00 нысандарықағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған кезде 328.00 СЕН-на Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағының 2)–8) тармақшаларында аталған бірқатар құжаттар қоса тіркеледі. 320.00 және 328.00 нысандарытек электрондық нысанда ұсынылған кездеСалық кодексінің 456-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2)–8) тармақшаларында аталған құжаттар ұсынылмайды.
Салық кодексінің 456-бабының 8-тармағына сай салық органдарының қағаз жеткізгіште ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы (не растаудан уәжді бас тартуы)қағаз жеткізгіште өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Салық кодексінің 456-бабының 4-тармағына сәйкес тек электрондық нысандаұсынылған өтініштер бойынша ҚҚС төлеу фактісін растауды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.
ЕЭО-ға мүше өзге мемлекеттiң аумағынан ҚР аумағына тауарлар импорттайтын салық төлеушіге аумағынан тауарлар экспортталған ЕЭО-ға мүше мемлекеттiң салық төлеушісіне өзі жасаған өтініштің және салық органынан алынған, жанама салықтарды төлеу фактісін (босатылғанын немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібін) растайтын құжаттың көшірмелерін қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жолдау міндеті жүктелген. ЕЭО елдерінің салық органдарының арасында ақпарат алмасу реттелген, оның барысында электрондық түрдегіөтініштер тікелей контрагенттің салық органдарына келіп түседі, сол жақтан контрагентке осындай өтініш алынғаны туралы хабарлама жолданады.
«Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы» (2014.29.05 «ЕЭО туралы» шарттың 18-қосымшасы) хаттамаға сайтауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі айқындалған. 18-қосымшаның 7-тармағынасәйкессалық органына өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органы ЕЭО-ға мүше бірмемлекеттің аумағынан ЕЭО-ғамүшеекінші мемлекеттің аумағына экспортталған тауарларды өткізу бойынша операцияларға қатысты экспорттаушы мемлекеттің салық органында екінші экспорттаушы мемлекеттің салық органынан жанама салықтарды толық көлемде төлеуфактісін электронды түрде растауы болған кезде ҚҚС-ның нөлдік мөлшерлемесін және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды, аталған салықтар бойынша салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларды) қолданудың негізділігін растау туралы шешім қабылдауға (шығаруға) құқылы.
18-қосымшаның 8-тармағына сай егер тауарларды өткізу және жанама салықтарды төлеу туралы салық төлеуші ұсынған мәліметтер мүше мемлекеттердің салық органдары арасында белгіленген ақпарат алмасу шеңберінде алынған деректерге сәйкес келмесе, салық органы аумағынан тауарлар экспортталған ЕЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады.
Өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде бір данасы салық органында қалады, өтініштің 2-бөлімінде салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар үш данасы салық төлеушіге қайтарылады. Бұл реттесалық төлеуші аумағынан тауарлар экспортталған ЕЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісіне салық органының белгісі бар өтініштің екі данасын жолдайды.
Өтініш салық төлеушінің электрондық қолтаңбасымен тек электрондық түрде ұсынылған кезде салық органы салық төлеушіге электрондық түрдежанама салықтарды төлеу фактісін (босатылғанын немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібін) растайтын құжатты, не болмаса уәжді бас тартуы бар құжатты жолдайды. Аталған құжаттарды салық органы ЕЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының нормативтік құқықтық актілерінде, не болмаса ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысанда және тәртіппен жасалады. Аталған құжаттардың пішімдерін ЕЭО-ға мүше мемлекеттің салық органыайқындайды. Салық төлеуші аумағынан тауарлар экспортталғанЕЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісіне өзі жасаған өтініштің және салық органынан алынған, жанама салықтарды төлеу фактісін (босатылғанын немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібін) растайтын құжаттың көшірмелерін қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жолдайды.
Жоғарыда жазылғанның негізінде ҚР заңнамасы ҚР салық төлеушісін 328.00 және 320.00 СЕН не қағаз жеткізгіште және электрондық түрде, не тек электрондық түрдеұсынуға міндеттейді.
Салық төлеуші 320.00 нысанындағы декларацияны толтырған кезде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде 328.00 нысанындағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ұсынады.328.00 нысаны электрондық түрде және қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда,Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағының 2)–8) тармақшаларында аталған құжаттардықоса тіркей отырып, нысанның бірінші бетінде «ұсыну тәсілі» деген жолда «қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде» деген белгі қойылады. Егер 328.00 нысанытек электрондық түрде ұсынылса, онда бұл құжаттар ұсынылмайды. Бұл жағдайда бірінші бетте «ұсыну тәсілі» деген жолда «тек электрондық түрде» деген белгі қойылады.
328.00 нысанының 15 I жолында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің саны көрсетіледі. Осы жолда көрсетілетін, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы ұсынылған өтініштердің саны 320.06 нысанындағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің тізілімінде көрсетілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің санына (1) сәйкес келуі тиіс.Егер нысан қағаз жеткізгіште және электрондық түрде берілсе,15 II жолда Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес декларацияға қоса берілетін құжаттар парақтарының жалпы саны көрсетіледі.
Демек, 320.00 нысанындағы бір декларацияғабір салықтық кезең (импортталатын тауарлар есепке қабылданған күнтізбелік ай)ішінде әр түрлі күндер қойылған 328.00 нысанындағы бірнеше өтініш ұсынылуы мүмкін. Егер, мысалы, тауар ҚР аумағына 2018.05.05 жеткізілсе (есепке қабылданса),өтініш (328.00 нысаны) 2018.07.05 толтырылса, ондасалық төлеуші 320.00 нысанындағы декларацияны 2018 жылғы мамыр айына 2018 жылғы 20 маусымнан кешіктірмей береді.
Қарыз шарты бойынша компанияның алдындағы берешекті өтеу шотына жалақыдан ұстап қалу туралы өтініш