June 5, 2020

Мектеп миссиясы

✅ Анықтама
Алдымен бірнеше анықтама ақпарат беріп өтейік. Кез-келген мектептің негізгі құрылу себебі - білім мен тәрбие беру. Одан бөлек қосымша ақша табу, тұтынушы жинау тәрізді міндеттері жоқ. Бұл жалпы мемлекеттік орта мектептерге қатысты. Ал, мамандандырылған, жеке және халықаралық мектептер жайы бөлек. Бірі емтихан негізінде оқушы қабылдаса, екіншісі еңбегінің қайтарымы ретінде ақша талап етеді. Екіншісі кәсіптік жоба. Сондықтан да миссия мәселесі мамандандырылған мектептер мен жеке мектептер үшін маңыздырақ.

💥 Егер өзіндік өзгеріс жасауға дербестігі болмаса, бекітілген бір стандарт бойынша ғана қызмет беретін мектептер үшін миссияның қажет болмауы да мүмкін. Өйткені миссия ұзақ мерзімді, өзгеріске бейім әрі дамуға бағытталған мақсаттың көрінісі. Үлкен өзгерістер жасауға дербестігі жоқ мекемелердің миссиясы болғанымен ол бағытта жұмыс істей алуы екіталай.

✅ Миссия деген не?
Кез-келеген жеке компанияның құрылу себебі - ақша табу. Сол тәрізді жеке мектептердің (халықаралық) нарықта бар болу мақсаты - ақша табу. Ал табыс нарығында ұзақ мерзімді бәсекеге қабілетті болу үшін сапалы қызмет беруі мекеменің ең басты миссиясы.

Миссия не? Бұған нақты бір анықтама беру қиын. Менің ойым:
📌 Миссия дегеніміз - бір мекеменің бар болу және қызмет көрсету философиясын, ол мекеменің басқа бәсекелестерінен айырмашылығын мекеме қызметкерлері мен тұтынушыларына жеткізетін мәлімдеме үлгісі.

✅ Миссия түрлері
Әдетте миссия бір немесе бірнеше сөйлемнен ғана құралады. Бірақ бұл сыртқы нарыққа, қоғамға (тұтынушыларға) бағытталған миссия. Ол жерде мекеме философиясы, принциптері мен құндылықтары жарияланады. Ол қоғамда сіздің мекемеңіз туралы түсінік қалыптастырушы құрал және де «қысқа миссия» деп аталады.

📌 «Ұзын миссия» болса мекеменің ішкі құрылымы үшін қажет. Ол арқылы сіз қызметкерлеріңізге мекеме философиясын түсіндіріп, олардың жігерлі жұмыс атқарулары үшін қолданылады. Сол миссия негізінде қызметкерлеріңіз жұмыстарын сапалы орындауға тырысады.
Бұндай миссия негізгі үш сауалға жауап береді:
- Мен осы жұмысқа күнделікті не үшін келемін?
- Мен күнделікті немен (не істеп) айналысып жүрмін?
- Мен өз қызметімнің сапасын қалай анықтаймын?

📌 Екі миссияның ара жігін ашу үшін үшін «Спортмастер» компаниясының мысалын беруге болады. Ол компания спортқа және табиғатта (балық аулау, тауға шығу, пикник, т.б.) серуендеуге арналған заттар, құрылғылар сататын дүкен. Мысал:

💥 Қысқа миссия (тұтынушыға арналған): «Біз спортты қолжетімді қыламыз!»

💥 Ұзын миссия (қызметкерлерге арналған):
а/ «Тұтынушыларға ыңғайлы әрі қолжетімді қызметкөрсете отырып, спорттық және табиғатта тынығу тауарларының сапалы кең ассаортиментін (түрлерін) ұсына отырып, табысты әрі тиімді бизнесті дамыту.»
б/ «Салауатты өмір сүру құндылықтарын насихаттай отырып, тұтынушыларды спортпен айналысуға, табиғат аясында дем алуға тарту. Осылайша азаматтардың денсаулығын сақтауға үлес қосу.»

✅ Ұран мен миссия арасындағы айырмашылық
Ұрандар әдетте жарнамаларда қолданылатын сөздер. Мысалға Американдық «Walmart» компаниясын алуға болады. Ол үлкен сауда дүкендерінің тізбегі.
Ұраны: «Ақша үнемде. Жақсы өмір сүр!» (жарнамаларында осылай қолданылған)
Миссиясы: «Біз халық жақсы өмір сүрсін деполардың ақшаларын үнемдеуге бағытталған қызмет береміз.»

✅ Қорыта келе…
Миссия сіздің мекемеңіздің мақсатқа жетуі жолындағы қозғаушы күші. Ол сізді, сіздің қызметкерлеріңіз бен тұтынушыларыңызды бір бағытта біріктіретін құрал.
Миссия сұраныс-талаптарға сай өзгеріске ұшырап отырады. Пандемия салдарына байланысты білім беру ұйымдарының миссиясына онлайн оқыту бағытының қосылуы осы өзгерістің түріне жатады. Бірақ негізгі ұстаным миссия өзерісіне қарамастан сақталып отырады. Әрбір мектептің ұстанымы - сапалы білім мен саналы тәрбие беру болып табылады.

💥 Келесі жолы мекеме миссиясын құрастырудың негізгі қадамарын қарастыратын боламыз.
Пікір білдіріңіздер…