Mektep Basqary
@mektep-basqary
Мектеп басшылары мен ұстаздарға арналған ақпараттық-танымдық блог.
19 posts

Мектеп миссиясы

✅ Анықтама Алдымен бірнеше анықтама ақпарат беріп өтейік. Кез-келген мектептің негізгі құрылу себебі - білім мен тәрбие беру. Одан бөлек қосымша ақша табу, тұтынушы жинау тәрізді міндеттері жоқ. Бұл жалпы мемлекеттік орта мектептерге қатысты. Ал, мамандандырылған, жеке және халықаралық мектептер жайы бөлек. Бірі емтихан негізінде оқушы қабылдаса, екіншісі еңбегінің қайтарымы ретінде ақша талап етеді. Екіншісі кәсіптік жоба. Сондықтан да миссия мәселесі мамандандырылған мектептер мен жеке мектептер үшін маңыздырақ.

Бенчмаркинг түрлері мен кезеңдері

📌 Бенчмаркингтің ең басты қолданыс себебі мекеменің қызмет сапасын көтеру. Сондықтан алдымен мекеме қызметінің осал тұстары мен кемшіліктерін айқындап алу маңызды. Бенчмаркинг әдісі мекеменің өзгерістерге уақытылы икемденіп, бәсекеге қабілетті болуына көмектесетін құрал. Әрбір салада өздерін сәтті дамыта білген мекемелерден үлгі алу заман талабы.

Бенчмаркинг деген не?

Бенчмаркинг — бұл ең ірі бәсекелестердің не өз саласында көшбасшы деп танылған компаниялардың тауарларын, қызметтерін және тәжірибесін салыстырмалы талдау және зерттеу әдісі. Бұл сөзді «тірек нүктесі», «биіктікті белгілеу», «эталондық салыстыру» «сараптамалық стандарт» немесе «өлшеу немесе қандай да бір бағалау жүргізуге болатын стандарт» деген сөздермен де сәйкестендіруге болады.

Мекеме этикасының даму кезеңдері

🔷 Қазіргі күні кез-келген мекеменің қызмет ету ұстанымы біршама өзгерген. Тек қана пайда табу, даму үшін қызмет беретін мекемелер көбейді. Олардың нарықтағы өміршеңдігі күмәнді. Мекеме пайда табуда қаншалықты дамыса, оның моралдық ұстанымдары да соншалықты жоғары болуы керек. Мақала, ондағы айтылатын ойлар негізінен кәсіп саласындағы мекемелерге тән болғанымен, мектепішілік этиканы қалыптастыруда да бұл ойларды қолдануға болады.

ЖАС БАСШЫҒА КЕҢЕСТЕР

🔷 Басшылық қызметке енді келген адамның алдында көптеген сұрақтар тұрады. Үміт пен күмән аралас бұл сауалдарға дер кезінде жауап табуы оның қызметке дұрыс деңгейде кірісуіне көмек береді. Сол саулдарға кеңес ниетінде жас басшының қандай мәселелерге мән беруі керектігі жайында бірер сөз.

Мотивация тежегіштері

✅ Марк Макгиннесстің «Мотивация для творческих людей» кітабына негізделген.

Мұғалімдер үшін шығармашылық мотивация

Марк Макгиннесстің «Мотивация для творческих людей» кітабына негізделген.

Көшбасшы жолы: мақсаты үшін күрестен тайынбаған адамның 7 ұстанымы.

📌 Шимон Перестің «Робким мечтам здесь не место» атты кітабына негізделген...

Тиімді жиналыс (пед.кеңес) жасаудың 8 сыры

ℹ️ Жиналыс жасау барысында жасалуы (жасалмауы) маңызды мәселелер көп болуы мүмкін. Бірақ жеке тәжірибе негізінде ең маңызды деген 8 мәселені қарастырудамыз.

Қашықтан оқыту жағдайында ADKAR моделі (2)

✅ Елімізде туындаған қиындықтарға байланысты барлық оқыту жүйесі онлайн немесе қашықтан оқыту форматына өтетін болды. Қазіргі таңда өзгеріске еніп жатқан оқыту жүйесін ADKAR моделі бойынша көрсетуге тырысайық.