May 21, 2020

Қашықтан оқыту жағдайында ADKAR моделі (2)

✅ Елімізде туындаған қиындықтарға байланысты барлық оқыту жүйесі онлайн немесе қашықтан оқыту форматына өтетін болды. Қазіргі таңда өзгеріске еніп жатқан оқыту жүйесін ADKAR моделі бойынша көрсетуге тырысайық.

🔼 Мысалға бір мектептің мұғалімін алып көрелік.
Жаңа оқыту жүйесі дегеннен ақ мұғалімнің ойына түрлі сұрақтар келуі мүмкін. Ішінен жаңалықты қалағанымен орындауға келгенде аздап қарсылық білдіруі заңдылық.

🔸Алғашында мұғалімге бұл өзгерістің өте маңызды екенін (A) ұғынуы маңызды.

🔸Одан кейін мұғалім жаңа жүйеде жұмыс жасауға деген (D) құштарлығын дамытуы қажет. Бұл екеуі өзгерістің ең маңызды сатылары. Нәтижесінде “бұл өзгеріс қашан басталады”, “ол үшін қандай дағдыларды меңгеруім керек”, “бұл өзгеріс менің кәсіби дамуыма қалай әсер етеді” тәрізді дамытушы сұрақтар қоя білуі керек.

🔸Осылайша ол өзгеріс талаптарына сай дағдыларды (K) меңгере бастайды. Қашықтан оқыту құралдарымен танысып, оларды қолдану әдіс тәсілдерін меңгере бастайды. Онлайн курстарға қатысады. Мақалалар оқиды, видео дәрістер көреді. Өзіне қажетті білім мен дағдыны бойына сіңіреді.

🔸Өзгерістің келесі сатысы - осы біліктілігін (A) іс жүзінде орындап көру. Яғни, қашықтан оқыту құралдарын қолдана отырып бірнеше үлгілік дәрістер жүргісу. Онлайн сабаққа қатысты материалдар дайындау (видеолар, сұрақтар, текстер, есептер, тесттер, т.б.).

🔸Соңғы саты мұғалім жаңа жүйемен сабақ бере бастағаннан кейін қажет болады. Мұғалім күнделікті онлайн сабақ бере отырып жинаған тәжірибесінің арқасында өзінің сандық сауаттылығын шыңдайды. Өзіне тән жаңа әдіс-тәсілдер үйрене бастайды. Басқа әріптестерімен бөлісе отырып енгізілген өзгерістің (R) тұрақтылығын бекітеді.

❗️Бұл сатылар орындалу барысында мектеп әкімшілігінің мұғалімдерді қажетті ресурстармен қамтамасыз етуі енгізілген өзгерістің жемісті болуына үлкен үлес қосады.