May 21, 2020

21 ғасыр мұғалімінің дағдылары

🔷 Соңғы 10-15 жылдық білім саласынындағы өзгерістерге қарасақ мұғалімдер үшін таң қаларлық деңгейде үлкен мүмкіндіктер пайда болған. Бұл үдеріс мұғалімдердің сол мүмкіндіктерді қолдана отырып өз қызметін заман талабына сай ұсынуы керектігін көрсетеді.

🔷 Оқушылар үшін қажетті 21-ғасыр дағдылары, заманауи сабақтар жайында көптеген мақалалар жазылды. Біршама мәліметке иеміз. Ал мұғалімнің 21ға сай дағдылары қандай болмақ? Осы жөнінде аз-кем сөз қозғалық.

🔷 Мінекей біздің топтамамыз:
Алғашқы 6 ұстаздық дағды бүгін пайда болған дағдылар емес. Бірақ заманызда бұл дағдылардың маңыздылығы біршама артты.

📌 1. Жауапкершілік. Мұғалімдердің өз қызметіне, жастарды тәрбиелеу ісіне берілгендігі маңызды. Мұғалімдерден күтілетін жауапкершілік өте үлкен. Сондықтан да мұғалімдер бұны естерінен еш шығармай, өз ісіне әрдайым берілген болуы шарт.

📌 2. Дайындық. Қазіргі күні адами капитал, қоғамымыздың білім деңгейін көтеру - алға қойылған үлкен талап. Мұғалімнің профессионалдық дайындығы қаншалықты жоғары болса, қоғамға пайдасы да соншалықты тиімді болады. Сондықтан да, әрбір мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін тоқтаусыз дамытып отыруы керек. Оқыту - бір орында тұрмайтын, өзгерісті, алға дамуды қажет ететін құбылыс. Сол үшін баста мұғалімдердің өздері заманның талабын орындап, өмір бойы оқушыдай білім алуға құштар болуы керек.

📌 3. Ұйымдастыру. Өз сабағын немесе курсын жақсылап ұйымдастыру мен жоспарлау оқыту жетістігінің негізгі факторы болып табылады. Мұғалімнің сабағын дұрыс жоспарлап, маңызды бөлімдерге жеткілікті уақыт бөлуі өте маңызды. Оқушылар дұрыс жоспарланбаған сабақты тез аңғарады. Оны жөндеуге көңіл бөлмеген мұғалімнің сабағына оқушылардың да көңіл бөлмеуі заңдылық.

📌 4. Төзімділік. Алуан түрлі әрі көп ұлтты қоғамда мұғалім біршама теріс пікірлерге душар болуы мүмкін. Мұғалім бұндай келеңсіздікке төзімділік танытуы қажет. Өзін «сүйікті оқушы» көзқарасынан алыс ұстап, бәріне тең қарым-қатынаста болуы да маңызды. Мұғалім бойындағы тағы бір жағымды қасиет - өз ойын оқушыларға мәжбүрлі түрде қабылдатуға тырыcпау. Оның орнына оқушыларға өз пікірін еркін жеткізуіне мүкіндік беруі керек.

📌 5. Әңгімеші. Үйрету, жаңа пікір жеткізудің керемет жолының бірі - әңіме. Бұл әдісті мықты мұғалімдер ғасырлар бойы қолдануда. Бұл бағытта арнайы «сторителлинг» курстары да бар. Өйткені бұл дағды оқушылардың сабаққа ынтасын дамытады. Ынтасы жоғары сынып - өнімділігі мол білім ортасы.

📌 6. Сауалдарға ашық болу. Мұғалімдер оқушылар тарапынан келетін сауалдарға ашық болуы керек. Заманауи мұғалімдер әңгімеде шынайы, жауап беруде ашық әрі нақты болуы керек. Мұғалім оқушылар сұраған сұрақтың бәріне жауап бере алмауы мүмкін. Ондай жағдайда білмегенін үйреніп, кейін жауап беретіндігін жасырмайтындай шыншыл болуы керек. Бұл кемшілік емес.

Келесі қасиеттер технология дәуірінің әсерімен пайда болған дағдылар:
📌 7. Өнертапқыш. Заманауи мұғалім инновацияға ашық болуы керек. Оқытуға қатысты жаңа құрылғылар мен қосымшаларды кеңінен қолданатын дағдыға ие жаңашыл маман болуы қажет.

📌 8. Жаңа технология. Оқушылардың 90 пайыз уақытын заманауи құрылғылармен өткізетінін ескерсек, технологияны қолдана отырып оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін дайындау және қолдану мұғалімдер үшін заман талабы. Бұл бағытта ақпараттық комуникативтік технологияларды, түрлі веб сервистерді қолдану дағдыларын машықтану, қажетті курстардан өту де маңызды.

📌 9. Көпшіл болу. Көпшілікпен жақсы қарым-қатынаста болу, сұраққа ашық болу мұғалімнің бойынан табылуы керек дәстүрлі керемет дағды. Мұғалімдер заманымызға сай әлеуметтік желілерде де көпшіл болуы керек. Білім саласына қатысты түрлі топтарға қосылып, біліктілігін дамыту үшін сандық кеңістік мүмкіндігін жақсы қолдануы керек.

📌 10. Фанат. Интернет желісі білімнің нағыз қайнар көзі. Сондықтан да заманауи мұғалімдер интернет кеңістігінің мүмкіндіктерін тиімді қолдануы керек. Мұғалім әрдайым ізденетін әрі сабағы үшін жаңа мәлімет іздейтін адамға айналуы керек.

✅ Осылайша қоғамның білімге қатысты талабына жауап беретін тұлғаның қалыптасуы үшін маңызды бірнеше мәселеге қысқаша тоқталып өттік.
Сіздер де пікір қосып отырыңыздар.