ADKAR өзгерісті басқару моделі (1) /қашықтан оқыту жағдайында/
✅ Бұл модел мектептің қызмет беру барысында қандай да бір өзгеріс (реформа) болған жағдайда мұғалімдердің (кәсіби деңгей) өзгерістің қандай сатысында екенін анықтауға, басшының жасалып жатқан өзгерістегі кемшілікті анықтауына, қызметкерлердің жылдам үйренуі керек мәселелерін aйқындауға бағытталған саралау құралы.
🔶 ADKAR моделін төмендегідей жағдайда қолдануға болады:
1. Мұғалімдердің енгізіліп жатқан жаңалықтарға тіке тіресін, қарсылық деңгейін болжауға,
2. Мұғалімдердің енгізілген өзгерістерге үйренісуіне қолдау жасауға,
3. Өзгерістер барысында мұғалімдердің тұлғалық әрі кәсіби дамуына тиімді жоспар жасауға,
4. Өзгерістер барысында қызметкерлерді басқарудың тиімді жоспарын ұйымдастыруға.
🔷 Мектептің қызмет беруіне қатысты өзгерістер:
· Мектеп қызметінің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін айқындау.
· Жоспар жасау (өзгеріс мақсаты мен орындалуы)
· Шешім жолдарын анықтау (жаңа қашықтан басқару жүйесі, оқыту жүйесі, кері байланыс, т.б.)
· Жаңа жүйелік құралдарды анықтау (қашықтан оқыту үшін google classroom, онлайн жиналыс немесе онлайн оқыту үшін zoom платформасы, т.б.)
· Қабылданған шешімді жүзеге асыру.
✅ Қызметкерлердің өзгеріске дайындығы.
🔹Ғылыми зерделеу нәтижелеріне сүйенсек кез-келген өзгеріс жағдайында жаңа жобаның нәтижесіз болуы мекеме қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің болмауы немесе төмен болуына (жиі) қатысты екен. Сонымен бірге жаңа жоба басталарда мекеме басшысына жасалатын қолдау елеулі жетістік негізі екен. Біздің жағдайымызда ата-аналардың балаларына қашықтан оқуына қажетті мүмкіндікті дайындауы да жүйенің нәтижелі болуына үлкен үлес қосады.
Демек, жаңадан енгізіліп жатқан қашықтан оқыту жүйесінің жемісті болуы үшін баста барлық мұғалімдерді толығымен қашықтан оқыту жүйесін меңгерту қажет. Ол үшін оларға сандық сауаттылық, видео түсіру, онлайн бағалау, т.б. дағдыларды жылдам курстар арқылы меңгерту қажет.
🔸Ал мектеп басшылығына осы қашықтан оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылуын бақылау мен бағалау жолдарын машықтануы қажет.
✅ Өзгеріс жағдайында адами аспектті басқару төмендегі бес сатыдан құралады:
(A) Awareness – өзгерістің қажеттілігіне көз жеткізу, ұғыну;
(D) Desire – өзгерісті енгізуді қолдау және өзгеріс процесіне қатысуға деген қалаушылық, ниет;
(K) Knowledge - өзгерістің қалай жүзеге асырылатынын және ол процестен қандай нәтиже күтілетінін білу;
(A) Ability – өзгерісті енгізуде күнделікті жасалатын қадамдарды меңгеру және нәтижесін бағалау қабілетінің болуы;
(R) Reinforcement – Жасалған өзгерістердің тұрақтылығын бекіту.
❗️Жалғасы келесі постта...