November 7, 2022

“Неліктен Хазіреті Иса (a.c)басқа Пайғамбарларға қарағанда көбірек сүйіншілейді. Басқа пайғамбарлар олай емес. Олар тек хабар берген”.

Жауабы: Өйткені Ахмед Алейhиссалату Уәссәләм Иса Алейhиссәләмды яһудилердің опасыздығынан, өтірікке шығарып, күмәндануынан, жала жабуынан және дінін мүлдем бұзылып кетуінен сақтап қалды. Сонымен қатар Иса Алейhиссаламды қабылдамаған Исрайл қауымының өте қиын шариғатының орнына үкімдері оңай әрі ауқымды, қолдануға жеңіл және үкімдері Иса пайғамбардың шариғатын толықтыратын керемет шариғат әкелді. Міне, сондықтан Иса Аләйһиссалам қайта-қайта “Әлемнің басшысы келе жатыр!” деп сүйіншілеген. Міне, сол үшін Тәурат, Інжіл, Зәбурда және кейбір пайғамбарға түскен парақтарда аса мән беріліп, заман ақырда келетін пайғамбар туралы көптеген аяттар, хабарлар бар. Жоғарыда бірнеше үлгісін көрсеттік. Ол кісі әлгі кітаптарда әртүрлі есімдерімен аталады. Апырым-ай, Әнбиялардың кітаптарында мұншама мән беріліп, көп қайталанған және аяттармен аты аталып тұрып білдірілген ақырзаман Пайғамбары Хазреті Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнан басқа кім болуы мүмкін?