Жауабы: Өйткені Ахмед Алейhиссалату Уәссәләм Иса Алейhиссәләмды яһудилердің опасыздығынан, өтірікке шығарып, күмәндануынан, жала жабуынан және дінін мүлдем бұзылып кетуінен сақтап қалды. Сонымен қатар Иса Алейhиссаламды қабылдамаған Исрайл қауымының өте қиын шариғатының орнына үкімдері оңай әрі ауқымды, қолдануға жеңіл және үкімдері Иса пайғамбардың шариғатын толықтыратын керемет шариғат әкелді. Міне, сондықтан Иса Аләйһиссалам қайта-қайта “Әлемнің басшысы келе жатыр!” деп сүйіншілеген. Міне, сол үшін Тәурат, Інжіл, Зәбурда және кейбір пайғамбарға түскен парақтарда аса мән беріліп, заман ақырда келетін пайғамбар туралы көптеген аяттар, хабарлар бар. Жоғарыда бірнеше үлгісін көрсеттік. Ол кісі әлгі кітаптарда әртүрлі есімдерімен аталады...
Жауабы: Мұғжизалар екі түрге бөлінеді. Біреуі; Ардақты Пайғамбар Алейhиссалату Уәссәләм жұртқа өзінің хақ пайғамбар екенін қабылдату үшін көрсетеді. Қураған тіректің боздауы осы түрге жатады. Мүминдердің иманын қуаттап, ал мұнапықтарды ықыласқа шақырып, ал кәпірлерді болса иманға келтіру үшін және өзінің Пайғамбар екенін растау үшін ғана көрсетіледі. Сондықтан қарапайым халық та, зиялы қауым да барлығы көреді және жайылуына көбірек мән беріледі.
Жауабы: Әл-і Бәйттен үлкен бір әулие былай деген екен: «Расулуллаһ (с.а.у) Хазреті Алидің (р.а.) халифа болуын барынша қалаған, бірақ Оған (с.а.у) ғайыптан хабар келіп Аллаhтың қалауы басқа екендігі білдіріліпті. Ол (с.а.у) өзінің қалауын тастап, Аллаhтың қалауына көніпті» - дейді. Мұның Иләһи хикметтерінен біреуі былай болса керек: Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) дүниеден өткен соң сахабалар ауызбіршілікке, өзара ынтымаққа мұқтаж болады. Егер биліктің басына Хазреті Али келсе, оның халифалығы кезінде орын алған оқиғалар көрсеткендей, Хазреті Алидің қорқу дегенді білмейтін теңдесіз ержүректігі, қатты тақуалығы, тым қанағатшылдығы, қарапайымдылығы көпшіліктің және кейбір қауымдардың қызғаныш сезімін оятып, ел ішінде бақталастық туып...
Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламның ахуалы, сын-сипаттары «Сияр-ы Нәби», яғни, өмірбаяны жайлы кітаптарда жазылған. Алайда ол жердегі сипаттаулар мен хал-ахуалының басым көпшілігі адами жағына назар аудартады. Ал, Ол мүбәрәк Кісінің (с.а.у) рухани ахуалына, мағынауи жағына, тап-таза мөлдір жан дүниесіне, асқақ мінезіне, нұрлы рухына баса назар аударған жөн. Өмірбаяны мен сияр кітаптарында баяндалған сипаттары оның жоғарғы дәрежелі асқақ абыройын толық суреттеп, лайық бейнесін сызып бере алмайды. Өйткені, кімде-кім бір іске себеп болса ол оны атқарғанмен тең дегендей, Пайғамбарымыздың (с.а.у) амал дәптеріне әрқашан бүкіл үмметінің жасаған жаппай ғибадат құлшылықтарының шамасындай сауап, ғибадат жазылуда. Аллаhтың шексіз мейіріміне...
Ол сауалыңыздың жауабы сондай терең, біз секілді ойы саяз кісілердің миы жетпейді, қамти алмайды. Дегенмен алыстан қарап көрейік.
Уа, тыңдарман мақамындағы адам! Осы қойып отырған екінші сауалыңның ақиқаты өте терең, мағынасы тым ауқымды. Ауқымдылығы сондай қамтуға ақыл жетпейді тіпті жақындау қиын. Тек, қана иман нұрымен көруге болар. Бірақ, біз кейбір мысалдама арқылы ол ақиқатты ақылға жақындатуға тырысамыз. Олай болса, шамалы болса да жақындатуға әрекет жасап көрелік. Міне, мына ғаламға хикмет назарымен қарағанымызда ол алып бір ағашқа ұқсайды. Өздеріңе мәлім, бір ағаштың тал бұтақтары, жапырақ пен гүлдері, жемістері болады. Енді мына жаратылыс атты ағаштың да бір бөлігі саналатын суфли әлемінің яғни кішігірім әлемдердегі ұсақ бөлшектер оның тал бұтақтары, өсімдіктер мен ағаштар оның жапырақтары ал, жан жануарлар гүлдері, адам...
Жауап: Бірінші сауалыңа келер болсақ, ол жайында отызға жуық Сөз дерде егжейтегжейлі баяндалған болатын. Әзірге тек Ахмедтің (с.а.у) жеке басының кемелдігіне қысқаша тоқталып әрі Пайғамбарлық дәлелдеріне, сондайақ ұлы Миғражға ең лайық Сол екеніне тұжырымдар секілді қысқанұсқа баяндап өтеміз. Былайша:
Бұған айтарымыз: Оның ұқсастарының көптігі сондай санау мүмкін емес. Мәселен, әрбір назар иесі көзімен жерде тұрып Нептун ғаламшарына бір секундта барады. Әрбір ілім иесі ақылымен астраномия заңдарына мініп жұлдыздардың арғы жағына бір минутта жетеді. Әрбір иман иесі намаздағы іс-әрекеттер мен шарттарына ой-пікірін мінгізіп, белгілі бір мағынада миғраж арқылы ғаламды артта тастап құзырға шығады. Әрбір жүрегі пәк, жаны кәміл әулие сейрі-сулук арқылы ғарыштан және иләһи есім мен сипаттың шеңберінен қырық күнде жүріп өтеді. Тіпті, шейх Гәйлани, Имам Раббани сынды ірі тұлғалардың айтуынша бір минутта ғарышқа дейін рухпен ұшып көтерілген. Сондай-ақ, болмысы нұрлы періштелер...
Біздің жауабымыз: Аллаһ Тағаланың өнерінде, жаратуында қозғалыс, әрекет деген ұғым неше түрге бөлінеді. Мәселен, дыбыстың жылдамдығы мен жарық, электр, рух, қиял жылдамдықтары бірбіріне ұқсамайтыны белгілі. Ғаламшарлардың да қозғалыстары пәннің айтуынша неше түрлі екені сондай ақыл аңтаң. Апырмай, Расулуллаһтың жеңіл де көркем денесі көкке көтерілгенде өте жылдам рухының ізінен еріп кеткен, оның жылдамдығы рухпен бірдей десе неге ақылға сыйымсыз болсын? Өзің де он минөт ұйықтасаң кейде бір жылдық жағдайға куә боласың, солай емес пе? Тіпті, кейде бір минутта көрген түсіңді, ондағы естігендеріңді, сөйлеген сөздеріңді оянған кезде бірін қалдырмай айта бастасаң бір күн, тіпті одан да көп уақыт керек...
Бұған жауабымыз: Саниы Зүлжәлал өзінің мүлк пен мәләкут әлемде ріндегі ғажайып аяттарын көрсеткісі келген екен, әрі мына әлемнің бұлағын, қайдан шыққанын тамашалатқысы келген екен, әрі адамзаттың жасап жатқан амалдарының о дүниедегі нәтижелерін көрсеткісі келген екен. Әлбетте, бейне әлемінің кілті тәріздес көзін, дыбыс әлемін ашатын құлағын ғарышқа дейін бірге алып баруы қажет еді. Сондайақ, рухтың шексіз міндет атқаруына ұйытқы болар және сезім мүшелер орналасқан мүбарак денесін де ғарышқа дейін апаруын ақыл мен хикмет талап етеді. Қалайша жұмақта Иләһи хикмет денені рухқа серік қылған. Себебі, сансыз құлшылық міндетін атқаруға, шексіз ләззаттар мен қайғыларға ұйытқы болатын мына дене болып...