November 3, 2022

“Су мұғжизасы сияқты, неге жылаған қу бағана туралы да өте көп жолдармен жетпеген? Алайда ол екеуі бұдан да көп жамағаттың ортасында болған емес пе?”

Жауабы: Мұғжизалар екі түрге бөлінеді. Біреуі; Ардақты Пайғамбар Алейhиссалату Уәссәләм жұртқа өзінің хақ пайғамбар екенін қабылдату үшін көрсетеді. Қураған тіректің боздауы осы түрге жатады. Мүминдердің иманын қуаттап, ал мұнапықтарды ықыласқа шақырып, ал кәпірлерді болса иманға келтіру үшін және өзінің Пайғамбар екенін растау үшін ғана көрсетіледі. Сондықтан қарапайым халық та, зиялы қауым да барлығы көреді және жайылуына көбірек мән беріледі.

Ал, тағам мен суға қатысты мұғжизалар болса, мұғжизадан гөрі кәрамат деуге болады. Кәраматтан гөрі сыйлық, тіпті, сыйлықтан да көбірек қажеттілікке орай Рахманның жарылқауы десе болады. Дегенмен ол да Пайғамбарлығына дәлел әрі мұғжиза. Бірақ негізгі себеп әскердің аш қалуы. Хақ Тағала бір дәннен мың батпан құрма жаратқаны секілді құпия қазынасындағы бір тостақ тағамнан мың адамға ас беруі заңды құбылыс. Һәм сусыз қалған жауынгерлерге ұлы қолбасшының саусақтарынан Кәусәрдай су ағызып шөлін қандыруы рахымының талабы десе болады.

Міне, осы сырға орай тағам мен су мұғжизасының әрбір мысалы, қураған тіректің жылауы дәрежесіне жетпейді. Бірақ ол екі мұғжизаның бірнеше түрі жиналып, барлығы қураған тіректің жылағанындай тәуәтүр, яғни, нақты хабар. Һәм тағамның берекетін және саусақтарынан судың аққанын бәрі бірдей көре алмайды, тек қана белгілерін көреді. Тіректің жылағанын бәрі естіді. Сол үшін көбірек жайылды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің әрбір халін, іс-әрекетін сахабалар барынша ұқыптылықпен сақтап бізге жеткізіп отырды.