Бірінші, әлбетте дамып жатқан заман. Қатардан қалмау үшін қарманып, жаңа дағды үйрену. Қазіргі кезде медиа жобалардың басы-қасында жүргеннен кейін аталмыш скиллды меңгеру қаражатты үнемдеп қана қоймай, креатив, идея жағынан да кемелденуге көмектеседі. Екіншіден, SMM Дизайнды білу публицистика саласында қажетті өнер. Алдағы уақытта жоспарланып отырған бірқатар медиа жобаларда жоғарыда айтылғандай финанстан ғана емес, нервтер саны жағынан да үнемдеп қалса болады (себебі, қажетті, ойдағыдай материалды дизайнерге жеткізу, кейін ойдағыдай болмай қалса түзету енгізу деген нәрсе уақытты да нерв талшықтарын да біраз жейтіні бар).