July 9, 2025

Чат GPT-ді қолданыстан шығару оқушыларды білімге талпындыра ма?

Осыдан бірнеше ай бұрын Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жасанды интеллект туралы заңды талқылады. Талқылау барысында оқушылар арасында Чат GPT-ді қолдануды шектеу керегін айтты. Жасанды интеллект оқушылардың білімге, еңбекке деген талпынысын азайтып жатқандығы көпшілікті алаңдатуда. Чат GPT-дің қолданылу аясын шектеу білімге құштарлығы төмен оқушыларды ізденуге талпындыра ала ма?
Қазіргі таңда көптеген оқушылар тапсырмаларды орындау үшін чат GPT-ді қолданады.Чат GPT-барша тапсырмаларды орындаудағы ең басты маңызды көмекші құралға айналды. Оқушылар тапсырмаларды ізденіп, өз еңбегімен орындамайды. Мұғалімдерді осы жағдай қатты уайымдатуда. Билік өкілдері де бұл мәселеге бей-жай қарамай, шешудің амалын іздеп жатыр. Дегенмен, Чат GPT тек қана уақытты үнемдеуші, көмек беруші. Оның пайдасын да айтпай кетуге болмайды. Қазіргі жастардың көбісінің оқуға деген құштарлығы төмен, сондықтан жасанды интеллекті барлық жағдайда пайдаланады. Олар білімнің маңыздылығын ұғынбайды, болашақтарына кері әсері тиіп жатқанын аңғармайды да. Чат GPT-дің қолданысын шектеп, оқушыларды еңбектеніп білім қуып кетеді деу қателік. Жасанды интеллектсіз-ақ сабаққа көмектесетін қосымшалар бар. Қосымшалар арқылы да тапсырмаларды орындай алады. Білімнің маңыздылығын түсінбеген болса-Чат GPT қолданылмаса да, оқушылардың еңбекке құштар бола қоймасы анық. Жасанды интеллектіні шектеу-оқушыларға айтарлықтай өзгеріс алып келмейді. Қалыпты өмірлерін сүре береді.
Чат GPT-дұрыс қолдана білгенге пайдалы құрал. Адамзаттың ең асылы-оның ақылы. Ақылымен ойланып, әр нәрсенің шешімін табу үлкен жетістік. Жасанды интеллектіні қажетті жағдайда ғана қолданып, одан идея алып, тапсырмасын түсініп тексеру үшін пайдалану- оқушыларға жаңа талпыныс пен құштарлық береді. Жасанды интеллектіні шектеу-барлық жағдайдың шешімі емес!

Әбзелбек Нұршат Сапиқызы