Осыдан бірнеше ай бұрын Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жасанды интеллект туралы заңды талқылады. Талқылау барысында оқушылар арасында Чат GPT-ді қолдануды шектеу керегін айтты. Жасанды интеллект оқушылардың білімге, еңбекке деген талпынысын азайтып жатқандығы көпшілікті алаңдатуда. Чат GPT-дің қолданылу аясын шектеу білімге құштарлығы төмен оқушыларды ізденуге талпындыра ала ма? Қазіргі таңда көптеген оқушылар тапсырмаларды орындау үшін чат GPT-ді қолданады.Чат GPT-барша тапсырмаларды орындаудағы ең басты маңызды көмекші құралға айналды. Оқушылар тапсырмаларды ізденіп, өз еңбегімен орындамайды. Мұғалімдерді осы жағдай қатты уайымдатуда. Билік өкілдері де бұл мәселеге бей-жай қарамай, шешудің амалын іздеп жатыр. Дегенмен, Чат...
Қазақ халқы тәрбие мен ар-намысты биік тұтқан дана халық. Балаға жас кезінен тәрбиенің түп-тамырынан тағылым беріп, тұлға болып қалыптасуына жол салған. Қызды 40 үйден, ерді 50 үйден тыйып, жамандықтардан, теріс қылықтардан сақтауға тырысқан. Уақыт өте келе заман ілгері басты. Ұлтымыздың өмір сүру дағдысы жаңа бір белеске өрледі. Қазіргі XXI ғасырда қызды 40 үйден тыю оны жамандықтардан қорғай ма, әлде еркіндігін шектеп, психологиясына теріс әсер ете ме?

Қоғамда өзін таппаған, не қалайтынын түсіне бермейтін жандар көп. Олар өмір сүріп жүр, бірақ алға қойған нақты мақсаты да, болашақта болғысы келетін өз "Мен" бейнесі де жоқ. Абайша айтқанда, «білсем, көрсем, ұғынсам» дейтін құштарлықтан ада. Адамның жан әлемінде тағдырға деген махаббат пен құштарлық болмаса, ол өзін таба алмай аласұрады, күйзеліске түсіп, өміріне налиды. Мұндай күй көбіне адам өзін толық танымаған кезде пайда болады. Осындай күрделі сәтте «Эннеограмма» әдісі көмектесе алады.