August 6, 2019

ҮШІНШІ ТАПСЫРМА

Біздер 2 күн бойы материалды-физикалық тазалаудан өттік, ендігі кезек мидың тазалығын қолға алу. Бұл дегеніміз - ойдың, жанның, көңілдің, жүректің тазалығы жəне рухани, эмоционалдық тазалық. Яғни бүгін, өкпе, реніш, кек, жаман негативті эфмоциялардан арыламыз.

Адам бұзылған ас жеп қойса, асқазаны бірден белгі беріп, шара қолданады: нəтижесінде не құсып тастайды, не асқазанды жуады. Яғни асқазанды бұзылған астың салдарынан тазалап алуға болады, ол оңай.

Ал миға жаман ой кірсе оны шығару өте қиын. Миыңыз жаман ойларға, ақпараттарға толған кезде, нағыз керек пайдалы дүниелер миға сыймай қалады. Мысалы, сасыған су тола бөшкеге сіз жаңа таза су құяр болсаңыз, тасып сыртына ағады. Дəл солай, жаман ойға шомған миыңызды сасық суға тола бөшке деп елестетіңіз, бүгін сол суды тазартатын амалдар жасаймыз. Миыңызды жаңа ақпараттар, идеялар мен ойларға толтыру үшін дайындаймыз.

Исламда осы жаман эмоциялардан арылу жолы - Алла Тағаладан үнемі кешірім сұрау дейді, арабшада "Истиғфар" деп атайды.

Алла Тағала аса кешірімді, кешіргенді жақсы көреді.

Əбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім бір күні

«Алла пəк əрі мақтаулы» (оқылуы: «С

убханаллаһи уа бихамдиһи») деп жүз мəрте айтса, оның күнə-қателіктері, тіпті, теңіздің көбігіндей болса да кешіріледі

», – деген. Сондықтан, ойыңызға жаман ойлар келіп, немесе жаман іс істесеңіз, міндетті түрде кешірім сұрап, артынан жақсы іс істеңіз, сонда ол жамандықты жуып кетеді.

«Астағфируллах!» (аудармасы «Аллахтан кешірім сұраймын!») сөзін күнде жатарда 100 рет қайталап айтыңыз жəне "мені ренжіткен барлық мұсылмандарды кешірдім, Аллахым сен де мені кешірші" деп дұға айтып ұйқыға кетуіңіз керек.

ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУДАН БҰРЫН, ЖОҒАРЫДАҒЫ МӘТІНДІ ОҚЫҢЫЗ! ☝🏻

Ресми психология жаман эмоциялардан арылудың жолын былай көреседі:

1. Оңаша қалыңыз.

2. Диафрагмамен дем алу техникасын 10-15 рет жасаңыз.

3. Ақ қағазды алыңыз (2-3 парақ алыңыз). Өміріңізде болған барлық ренжу, кек, ыза, жүректі сыздататын, ешкіммен бөлісе алмайтын сырларыңызды жазыңыз. Сол сəтте тек ақ қағаз бен сіз барсыз. Оған барынша сенуге болады. Оны ешкім оқымайды. Ол барлық сөзді көтереді. Ағыңыздан жарылып, бəрін жазыңыз. Əкеңіз бен анаңызға, бауырларыңызға ренішіңіз болса бірінші солардан бастаңыз. Жазғанда не жағдай болғанын, неліктен сіздің көңіліңізге қаяу түскенін бүге-шігесіне дейін жазыңыз. Эмоцияға ерік беруден қорықпаңыз. Жазған əңгімеңізден эмоционалды жеңілдік сезінуіңіз керек. Жазып болған соң қағазды мыжып, өртеңіз. Қалада тұратындар ваннаға жасауға болады. Жер үйде тұратындарға бұл оңай іс.

Бұл техниканы өміріңіздегі əр оқиғаға қатысты бірнеше рет жасауға болады. Соңында сіз өткен шақта қалған сол ойлардан ешқандай сезім сезінбей, жазарға сөз таппай қаласыз. Бұл жаман ойлардан арылғаныңыздың нəтижесі.

3-ТАПСЫРМА:

Бүгіннен бастап жоғарыда көрсетілген амалдарды күнде орындауыңыз керек.

Кешірімнің маңыздылығы жайлы өз ойыңызды білдіріп пост жазыңыз. Постыңызды ертең сағат 20:00-ге дейін салыңыз. #əйелдерорталығы_марафон @almaty.aielder.ortalygy деп белгілеуді ұмытпаңыз.

Тапсырмаларды өзіңіздің парақшаңызға пост ретінде салып, бізді белгілейсіз.

Алдыңғы тапсырмаларды орындамасаңыз, бітіріңіз (тазару мен ерте тұру жайлы).

ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ, КЕРЕМЕТ ПОСТҚА СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІЗ ЖӘНЕ 2000 БАЛАНС БЕРЕМІЗ! БҰЛ КОНКУРС МАРАФОН АЯҚТАЛҒАНША ЖАЛҒАСАДЫ!